Меню

Страницы

Статья

Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С-49/9 «2021-2023 жылдарға арналған Краснояр ауылдық округі және Станционный кентінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Көкшетау қалалық мәслихатының

2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С-49/9

«2021-2023  жылдарға арналған

Краснояр ауылдық  округі  және

Станционный кентінің бюджеттері туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Краснояр ауылдық округі және Станционный кентінің бюджеттері туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С-49/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8301 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 

          1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

           «1. 2021–2023 жылдарға арналған Краснояр ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 1-1 және 1-2 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 269 733,3 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 23 470,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 550,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 245 713,3 мың теңге;

2) шығындар – 278 142,0 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржылық активтерін сатып алу – 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 8 408,7 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –8 408,7 мың теңге.»;

2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

         «2. 2021–2023 жылдарға арналған Станционный кентінің бюджеті тиісінше 2, 2-1 және 2-2 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 180 990,2 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 860,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 177 130,2 мың теңге;

2) шығындар – 182 314,1 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржылық  активтерін сатып алу – 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 323,9 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 323,9 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2, 3- қосымшалары, осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 

2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 Жетінші шақырылған Көкшетау

қалалық мәслихатының хатшысы                                                                                 Р.Калишев

 

Дата публикации
03 декабря 2021
Дата обновления
03 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 марта 2025
Қоғамдық кеңестің құрамы (2025-2027 жж)
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
08 сентября 2023
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы