Көкшетау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/2
«2021-2023 жылдарға арналған қалалық
бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021–2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3–қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 39 208 075,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 20 851 103,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 190 283,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 739 572,9 мың теңге;
трансферттер түсімі – 16 427 115,9 мың теңге;
2) шығындар – 39 833 246,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 34 086,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 122 514,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 156 600,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 370 823,8 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 370 823,8 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 961 908,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 961 908,6 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қалалық бюджет шығындарында қарастырылғаны ескерілсін:
1) 78 441,3 мың теңге сомасында трансферттер, Краснояр ауылдық округіне соның ішінде:
санитарияға 9 000,0 мың теңге сомасында;
автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 31 358,3 мың теңге сомасында;
апаратты ұстауға 27 248,5 мың теңге сомасында;
жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға 10 834,5 мың теңге сомасында;
2 ) 3 629,2 мың теңге сомасында трансферттер, Станционный кентіне соның ішінде:
апаратты ұстауға 3 629,2 мың теңге сомасында;
3) 336 132,0 мың теңге сомасында кент, ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар, соның ішінде:
Краснояр ауылдық округіне 162 631,0 мың теңге сомасында;
Станционный кентіне 173 501,0 мың теңге сомасында.»;
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2021жылға арналған қалалық бюджет шығындарында 36 305,2 мың теңге сомасында мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, 1 513 290,0 мың теңге сомасында тұрғын үйдің құрылысына, 120 294,8 мың теңге сомасында жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жаңартуына және құрылысына 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 және 2020 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуді ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 - қосымшалары, осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Р. Калишев |