Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы
14 желтоқсандағы № С-17/6 «Сот шешімімен
коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз
қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы»
шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Көкшетау қалалық мәслихатының «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № С-17/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6273 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Р. Калишев
|