Көкшетау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/2
«2021-2023 жылдарға арналған қалалық
бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021–2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3–қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 38 574 283,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 21 146 827,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 186 485,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 015 911,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 15 225 060,7 мың теңге;
2) шығындар – 40 688 404,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 34 011,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 122 514,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 156 525,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 370 824,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 370 824,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 450 933,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 450 933,3 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қалалық бюджет шығындарында қарастырылғаны ескерілсін:
1) 51 549,0 мың теңге сомасында трансферттер, Краснояр ауылдық округіне соның ішінде:
санитарияға 9 000,0 мың теңге сомасында;
автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 32 656,1 мың теңге сомасында;
апаратты ұстауға 9 892,9 мың теңге сомасында;
2 ) 5 251,1 мың теңге сомасында трансферттер, Станционный кентіне соның ішінде:
апаратты ұстауға 5 251,1 мың теңге сомасында;
3) 336 132,0 мың теңге сомасында кент, ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар, соның ішінде:
Краснояр ауылдық округіне 162 631,0 мың теңге сомасында;
Станционный кентіне 173 501,0 мың теңге сомасында.»;
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2021 жылға 465 177,7 мың теңге сомасында қаланың жергілікті атқарушы органның резерві бекітілсін.»;
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. 2021 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында 526 788,1 мың теңге сомасында республикалық және облыстық бюджеттерінен кредиттер бойынша сыйақыларды төлеу ескерілсін, оның ішінде:
46,0 мың теңге сомасында мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;
164,7 мың теңге сомасында тұрғын үйлердің құрылысына;
253,3 мың теңге сомасында жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жаңартуына және құрылысына;
411 326,9 мың теңге сомасында ішкі қарыздар есебінен Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыруға;
114 997,2 мың теңге сомасында ішкі қарыздар есебінен несиелік тұрғын үй құрылысына.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 - қосымшалары, осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Көкшетау қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы А. Шаримова |
|
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Р. Калишев |