Көкшетау қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың түзілу
және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/9 «Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-34/15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7241 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.