Меню

Страницы

Статья

Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С-49/9 «2021-2023 жылдарға арналған Краснояр ауылдық округі және Станционный кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Көкшетау қалалық мәслихатының

2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С-49/9

«2021-2023 жылдарға арналған

Краснояр ауылдық округі және

Станционный кентінің бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:    

  1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Краснояр ауылдық округі және Станционный кентінің бюджеті туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С-49/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8301 болып тіркелген, 2021 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

 «2021-2023 жылдарға арналған Краснояр ауылдық округі және Станционный кентінің бюджеттері туралы»;

          1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

           «1. 2021–2023 жылдарға арналған Краснояр ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 1-1 және 1-2 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 191 292,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 23 467,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 553,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі –167 272,0 мың теңге;

2) шығындар – 199 700,7 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржылық активтерін сатып алу – 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 8 408,7 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –8 408,7 мың теңге.»;

2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

         «2. 2021–2023 жылдарға арналған Станционный кентінің бюджеті тиісінше 2, 2-1 және 2-2 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –177 361,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 860,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі –173 501,0 мың теңге;

2) шығындар – 178 684,9 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржылық  активтерін сатып алу – 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 323,9 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 323,9 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 және 2 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 

2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Көкшетау қалалық мәслихаты

сессиясының төрайымы                                                                    Р. Арыстанкызы

Көкшетау қалалық

мәслихатының хатшысы                                                                        Р. Калишев

Дата публикации
16 марта 2021
Дата обновления
16 марта 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 марта 2025
Қоғамдық кеңестің құрамы (2025-2027 жж)
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
08 сентября 2023
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы