Көкшетау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/2
«2021-2023 жылдарға арналған қалалық
бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6- бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021–2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3–қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 30 654 209,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 20 813 721,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 165 135,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 825 911,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 7 849 442,0 мың теңге;
2) шығындар – 31 898 521,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 34 011,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 122 514,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 156 525,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 300 800,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 300 800,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 511 101,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 511 101,5 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қалалық бюджет шығындарында қарастырылғаны ескерілсін:
1) 10 000,0 мың теңге сомасында трансферттер, Краснояр ауылдық округіне соның ішінде:
санитарияға 9 000,0 мың теңге сомасында;
автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 1 000,0 мың теңге сомасында;
2) 336 132,0 мың теңге сомасында кент, ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар, соның ішінде:
Краснояр ауылдық округіне 162 631,0 мың теңге сомасында;
Станционный кентіне 173 501,0 мың теңге сомасында.»;
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2021 жылға 421 177,7 мың теңге сомасында қаланың жергілікті атқарушы органның резерві бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы, осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Көкшетау қалалық мәслихаты сессиясының төрайымы |
|
Р. Арыстанкызы |
|
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
|
Р. Калишев |