Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының    10-2 бабының 10-33) тармақшасына, 10-8 бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабының 6 тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 1 параграфының 4 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

  1. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
15 октября 2025