Көкшетау қаласының мәслихаты (бұдан әрі – Мәслихат) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы
№383-V Заңының (бұдан әрі-Заң) 9, 10-баптарына және Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды.
Мәслихат 2025 жылғы 20 ақпан мен 5 наурыз (қоса алғанда) аралығындағы мерзімде коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан қоғамдық кеңестің құрамына кандидатуралар бойынша жазбаша нысанда ұсыныстар қабылдайды.
Әрбір коммерциялық емес ұйым бір үміткерді ұсына алады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
2) соттылығы жоқ;
3) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болмауы;
4) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға міндетті.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын Қоғамдық кеңестің құрамына кандидаттар үшін құжаттар тізбесі:
1) Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші;
3) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім.
Жоғарыда көрсетілген нысанға мыналар қоса беріледі:
Үміткердің немесе өзін-өзі ұсынған адамның жеке куәлігінің көшірмесі.
Коммерциялық емес ұйымды немесе өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 141, 203-кабинет (тел: 29-78-85) мекенжайы бойынша немесе gor_kokshemaslihat@mail.ru электрондық мекенжайына жолдау арқылы жүргізіледі.