Байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізу туралы

 

Байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

 Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 10-тармағы негізінде Көкшетау қаласының мәслихаты  2025 жылғы 20 қаңтардан бастап 2025 жылғы 24 қаңтар (қоса алғанда) аралығында Көкшетау қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) отырыстарына қатысуға байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша құжаттар қабылданатынын хабарлайды.

 

Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

 

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы хабарландыруда көрсетілген нысан бойынша өтінішті Көкшетау қаласының мәслихатына қолма-қол береді немесе оның электрондық поштасына жібереді.

 

Өтініш 2025 жылғы 20 қаңтардан бастап 2025 жылғы 24 қаңтарды қоса алғанда 18.30-ға дейін қабылданады.

 

 

Құжаттарды қабылдау күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 141, 206-кабинет (тел: 25-68-50) мекенжайы бойынша немесе gor_kokshemaslihat@mail.ru электрондық мекенжайына жолдау арқылы жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кімге «Көкшетау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
тұратын______________________________________
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен________________________________________
_____________________________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № _______________________________,
берілді (қашан, кім))___________________________

 

 

 

Өтініш

 

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

     

 

 

20___ жылғы "____"            

Өтініш берушінің қолы ___________



 

 

 

 

 

 

Байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізу туралы
Дата публикации
20 января 2025