«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға Орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға

Орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Көкшетау қаласы мәслихатының аппараты»

Мемлекеттік мекемесі

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.01.2025 - 21.01.2025;

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 29.01.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
01.02.2025

Сұхбат: 05.02.2025

Анықтама телефоны: 29-78-83

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)


Лауазым атауы:

 

«Көкшетау қаласы мәслихатының аппараты» Мемлекеттік мекемесі
депутаттық корпус және тұрақты комиссиялармен жұмыс жөніндегі бөлімнің
бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі:уақытша)


Функционалдық міндеттері:

 

Мәслихаттың қызметіне қатысты қаланың мемлекеттік органдарымен құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

Сессия шешімдерінің, тұрақты комиссиялардың қаулылары мен қала мәслихаты төрағасының өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға құқықтық сәйкестігін  қамтамасыз етеді;

Мемлекеттік тіркеу үшін қала мәслихатының  нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау және қала мәслихатының  нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге уақытылы жібереді;

Мемлекеттік тіркеуден өткен, күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің электрондық-бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етеді;

Тұрақты негізде тіркелген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асырады;

Ақмола облысының әділет Департаментіне  тоқсандық және жарты жылдық есептерді уақтылы жібереді;

Көкшетау қаласы  мәслихаты жанындағы бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметіне әдістемелік басшылықты және үйлестіруді, хаттамаларды жүргізу және ресімдеуді жүзеге асырады;

Депутаттардан келіп түскен ұсыныстар негізінде бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді, оларды мәслихат төрағасына келісуге және тұрақты комиссияның бекітуіне ұсынады;

Көкшетау қаласы мәслихаты жанындағы бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелеріне сөз сөйлеу үшін материалдар дайындайды;

Тіркелген нормативтік-құқықтық актілер журналын, барлық нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу журналын, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілердің электрондық базасын жүргізеді;

Қала мәслихатының шешіміне қол қою, ашық НҚА порталында жұмыс істеу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны дайындауға өтінім береді. олардың әрекет ету мерзімін бақылайды;

Ашық НҚА  порталымен жұмыс істейді;

Мемлекеттік органдардың интернет порталымен (МОИП) жұмыс істейді;

ҚР заңдарының жобаларына ұсыныстар енгізу жұмыстарын жүргізеді.

Блок А, Grade 4.

 

Білімі бойынша талап

құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттіклауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты  ауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.


Шағым жасау тәртiбi

 

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Объявление общего конкурса для занятия вакантных административных государственных должностей корпуса «Б»
Дата публикации
20 января 2025