Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары

Көкшетау қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының 

 

Көкшетау қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

 

№ 23/33

Қаулысы

 

Көкшетау қаласы                                                              29 желтоқсан  2022 жыл

 

           

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көкшетау қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 17 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын
  2. Қаулы Көкшетау қалалық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы қаулы Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және "ARQA AJARY", "Степной Маяк" газеттерінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сайлау комиссияның төрағасы                                                  М. Қалиева

 

 

Сайлау комиссияның хатшысы                                                 Ә. Күштаева

Дата публикации
31 января 2023