2
Көкшетау қалалық мәслихатының
2024 жылғы 27 наурыздағы
№ С-11/11 шешіміне 1 қосымша
«Көкшетау қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының
заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері мен өкілеттіктері
депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.
1) құқықтары:
құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасау және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;
мәслихат отырыстарына, комиссияларға, жұмыс топтарына, мәслихат органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
мәслихат депутаттарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мәслихат аппаратының жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысу;
мәслихат қарайтын құжаттарды дайындауға қатысуға мүдделі органдар мен ұйымдарды тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
1) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдас-тырушылық қамтамасыз ету;
2) мәслихаттың, оның органдарының және мәслихат депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
3) Көкшетау қаласының Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
4) мәслихаттың қарауына түскен шешімдердің жобалары бойынша жұмыс;
5) мәслихат депутаттарының заңнамада белгіленген құзыреттерді іске асыруына көмек көрсету;
6) мәслихат қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
7) мәслихаттың басқа органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
8) мәслихат қызметін ақпараттық-коммуникативтік қамтамасыз ету;
9) мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;
10) мәслихаттың кадр мәселелерін шешуді қамтамасыз ету;
11) мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса)
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мәслихат сессиясына және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) қала мәслихатының сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) қала мәслихатының сессиясының отырыстарын жүргізеді, қала мәслихаты регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) қала мәслихаты депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды қала мәслихаты сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
6) қала мәслихаты аппаратының қызметіне басшылық жасайды, қызметке тағайындайды және оның қызметшілерін қызметтен босатады;
7) сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы қала мәслихатына ұдайы ақпарат беріп отырады;
8) қала мәслихатының өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1 тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастама жасаған қала мәслихатының депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
11) қала мәслихатының тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда қала мәслихаты атынан өкіл болады;
13) қала мәслихаты шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың
орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;
14) қала мәслихаты аппараты қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды;
15) заңнамада белгіленген тәртіппен қала мәслихаты аппаратының қызмет-керлеріне тәртіптік жаза қолданады;
16) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және қала мәслихаты шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Қала мәслихатының төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала мәслихатының тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе қала мәслихатының депутаты уақытша жүзеге асырады.
4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату