1970 жылы 26 наурызда Көкшетау облысы Красный Яр ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын дене шынықтыру оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
2001 жылы Қарағанды «Фемида» заң академиясын Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2017 жылы – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша бітірді.
1988 жылдан 1989 жылға дейін КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.
1993 жылдан 1994 жылға дейін-ҚР ҚМ ӘОСК спорт ротасының спортшысы (Алматы қ.).
1995 жылдан 1998 жылға дейін - ҚР ҚМ СК-ЦСКА спорт ротасының спортшысы.
2000 жылдан 2001 жылға дейін-ҚР ІІМ «Динамо» Ақмола облыстық ұйымы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы.
2001-2002 жылдары-Ақмола облысы ІІБ кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары.
2002 жылдан 2003 жылға дейін - Ақмола облысы ІІББ тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары.
2003 жылдан 2005 жылға дейін - ҚР Төтенше жағдайлар агенттігі КТИ сырттай оқыту факультетінің аға оқытушы–әдіскері.
2005 жылдан 2007 жылға дейін - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының бастығы.
2007 жылғы қаңтар-сәуір аралығында-ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты саптық бөлінісінің курс бастығы.
2007 жылдан 2010 жылға дейін - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ТТИ жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының бастығы.
2010 жылдан 2018 жылға дейін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» ММ Бұланды ауданының №8 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.
2018 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ кәсіби даярлау мектебінің бастығы.
2018 жылғы желтоқсаннан 2020 жылғы мамырға дейін – ҚР ҚМ СК-ЦСКА спорт комитеті төрағасының орынбасары-оқу-жаттығу орталығының бастығы (Ақмола облысы, Щучинск қ.филиалы).
Спорттық атақтар:
Спорттық жетістіктер:
Қоян-қолтық ұрыс бойынша бапкерлік жұмыс