Депутаттық сауал

Депутаттық  сауал

 

 

    Қобда ауылдық округінің әкімі

Кульниязов Марат Жалғасұлы

 

Құрметті Марат Жалғасұлы !

 

Қобда ауданы, Қобда ауылында орналасқан тұрғын үйлердің  тұрғындары коммуналдық қалдықтардың жағдайына қатысты мәселелерді жиі көтеріліп отыратындығы барлығымызға белгілі. Ауданымыздың экология саласындағы көрсеткішін жақсарту негізінде тұрғын үйлердің  айналасы және көше тазалығы назарға алынды. Осыған орай 2023 жылы қыркүйек айында партиялық бақылау жүргізілген болатын. Аталған мәселе бойынша, Қосниязова Г.С., Күзембай М.Қ., Біләлов А.Қ. депутаттық тұрақты комиссия мүшелері ретінде жасақталып, Қобда ауылының негізгі көшелерінен бөлек, тұйық көшелерді араладық.

Мониторинг барысында, Байтақ, М.Әуезов, Жанзақов тұйық көшелерінде бірнеше қоқыс үйінділері мен тұрмыстық қалдықтар өңіріміздің көркін бұзатындығы өзекті мәселе ретінде қарастырылды. Аудан орталығында Колесникова, И.Тайманов және А.Молдагулова көшелерінде орналасқан екі қабатты үйлерде қоқыс мәселесімен кедергілер туындауда.

Жоғарыда көтерілген мәселе бойынша, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және  табиғатты қорғау мен денсаулық сақтау мақсатында, сізден қоқыстарды тастауға арналған арнайы қоқыс контейнерлерімен қамтамасыз етуіңізді сұраймын.

 

 

 

Құрметпен,

Қобда аудандық маслихатының

депутаты :                                                                     М.Қ. Күзембай

Дата публикации
15 ноября 2023