Кербұлақ аудандық мәслихатының экономика, бюджет, кіші және орта бизнесті қолдау, заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік, тұрғын үй - коммуналдық, ауылшаруашылық және ветеринария және жергілікті мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, жастар ісі және наградтау мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары
|
№ р/с |
Жүргізілетін жұмыстар |
Өткізілетін уақыты |
Жауапты адамдар |
|
I – тоқсан |
|||
|
1 |
Аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру, пайдаланылмай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу, мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы (Аталған салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының есебі) |
наурыз сәуір |
аудан әкімінің орынбасары, жауапты бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономика, бюджет, кіші және орта бизнесті қолдау, заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік, тұрғын үй –коммуналдық, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі (Аудан және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуымен бірге) |
наурыз сәуір |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
2025 жылғы Кербұлақ ауданының, ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы және бюджеттік қаржының өз бағытында жұмсалуы туралы. (Облыстық тексеру комиссиясы мен аталған салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының есебі) |
наурыз сәуір |
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
4 |
Әр түрлі мәселелер (келіп түскен ұсыныстар бойынша)
|
наурыз сәуір |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
II – тоқсан |
|||
|
1 |
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың қаңтарындағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары, міндеттері мен жоспарлары туралы аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі |
мамыр маусым |
аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшылары, бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының талаптарына сәйкес, аудандағы ішкі істер органдары (полиция) бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары туралы (Аудандық полиция бөлімі басшысының есебі) |
мамыр маусым |
аудандық полиция басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Әр түрлі мәселелер (келіп түскен ұсыныстар бойынша) |
мамыр маусым |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
III – тоқсан |
|||
|
1 |
Сарыөзек, Қаспан ауылдарының сәулеттік келбеттері, сыртқы жарнама, көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазарту, абаттандыру, көгалдандыру және оларға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану, қоқыс тастайтын алаңдар мен мал қорымдарының жағдайлары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы (Сарыөзек, Қаспан ауылдық округ әкімдерінің есептері) |
тамыз қыркүйек |
Сарыөзек, Қаспан ауылдық округ әкімдері, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Аудандағы Мансап орталығының жалпы қызметінің нәтижелері, үкімет бағдарламаларының орындалуы, аудандағы жұмыссыздықты азайту, халықты және әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды жұмыспен қамту шаралары туралы (Аудандық мансап орталығы басшысының хабарламасы) |
тамыз қыркүйек |
Аудандық мансап орталығының басшысы, мәслихаттың аппарат басшысы, тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Кербұлақ аудандық мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, жастар ісі және наградтау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының атқарған жұмысы туралы есебі |
тамыз қыркүйек
|
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
4 |
Әр түрлі мәселелер (келіп түскен ұсыныстар бойынша) |
тамыз қыркүйек |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
IV – тоқсан |
|||
|
1 |
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аудан көлемінде іске асыру барысы және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен есепке алудың барлық түрлерінде тұрған кәмелетке толмағандар үшін бос уақытты ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралары туралы. (Аталған салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының есебі) |
желтоқсан |
аудан әкімінің орынбасары, аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі аппарат басшысы, бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Аудандағы шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялық жобалардың іске асырылуы, инвесторларға қолдау көрсету, тартылған инвестициялар көлемі мен кәсіпкерлікті дамытудағы өзекті мәселелер бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы (Аталған салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының есебі) |
желтоқсан |
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, аудандық, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3. |
Аудан мәслихатының қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдармен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы (Аудандық мәслихат төрағасының есебі) |
желтоқсан |
мәслихаттың аппарат басшысы, тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
4 |
Кербұлақ ауданының 2027-2029 жылдарға арналған бюджеті туралы |
желтоқсан |
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
5 |
Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттері туралы |
желтоқсан |
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
6 |
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2027 жылға арналған жұмыс жоспары туралы |
желтоқсан |
мәслихаттың аппарат басшысы, тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
7 |
Әр түрлі мәселелер (келіп түскен ұсыныстар бойынша)
|
желтоқсан |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |