«Кербұлақ ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13-104 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Кербұлақ ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №13-104 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186-19 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1)осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2)осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Кербұлақаудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелінсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Бекиев