Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

 

                                                                                                                                           ЖОБА

 

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін

жою туралы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 7-бабы 5 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының          46-бабы 2 тармағы   2) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 03-28  (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 180596 болып жарияланған);
  2. Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 03-28 «Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 04 тамыздағы № 06-46 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 184813 болып жарияланған) шешімдері жойылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы                                          

 

 

Қ.Бекиев         

    
Дата публикации
22 августа 2025