Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

ЖОБА

 

 

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

         «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

 Мәслихат төрағасы                               Қ. Бекиев

 

 

 

 

Кербұлақ аудандық

мәслихатының 2025 жылғы

______________№ ______ шешіміне қосымша

 

 

 

Кербұлақ  аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

1) Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның  мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж  азаматтардың  жекелеген  санаттарының тізбесін  айқындаудың  қағидаларын бекіту туралы»  2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 09-80 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190060 болып тіркелген);

         2) Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 09-80 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  2024 жылғы  7 маусымдағы № 16-138 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 197670 болып тіркелген);

         3) Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 09-80 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-171 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204936 болып тіркелген).

 

Дата публикации
17 июня 2025