Аудан мәслихатының қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарммен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы аудандық мәслихат төрағасының есебі
Құрметті депутаттар, сессия жұмысына қатысушылар!!!
Бүгін тағы бір жыл қорытындыланып, тарих қойнауына енетін кезеңде бас қосып отырмыз. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, аудандық мәслихаттың регламентімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 – бабының 1-1 –тармақтарына сәйкес мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді.
Кербұлақ аудандық мәслихаты өзінің конституциялық өкілеттігін мәслихат аппараты қызметкерлерімен бірлесе отыра, 2024 жылдың 23 желтоқсанында өткен Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезектен тыс ХI сессиясында № 11-96 шешімімен қабылданған Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімі аппаратымен, аудандық ұйымдармен, мекемелермен және ауылдық округтермен тығыз байланыста жүзеге асырады.
Аудандық мәслихат депутаттары өздерінің тікелей депутаттық өкілеттіктерін орындай отырып, аудан әкімдігінің жанынан түрлі консультативтік-кеңесші органдардың және де ауылдық округтердегі әлеуметтік мәселелерге байланысты құрылған комиссия құрамдарына кіреді. Мәслихат жұмысына да белсене қатысады. Депутаттық корпустың құрамы әртүрлі. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру саласының қызметкерлері, мықты шаруа қожалық басшылары, яғни, ауданымыздың экономикасы мен әлеуметтік саласына үлес қосып жүрген, үлкен өмірлік және кәсіптік тәжірибесі бар азаматтар. Олардың тәжірибесі мен білімі өкілетті орган қызметінің тиімділігін арттыруға әсер етеді.
2024 жылдың есептік кезеңінде аудандық мәслихатпен 17 сессия, оның ішінде 4 кезекті, 13 кезектен тыс сессиялар өткізіліп, барлығы 92 мәселе қаралып олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
22 шешімнің ішінен Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден 7 шешім өтіп, қалғаны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған.
Сессия шешімдерімен Кербұлақ ауданы әкімінің және әкімдігінің жанынан бірқатар комиссияларға және кеңестерге, аудан әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізілді.
Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттарының өз сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасау мақсатында кездесулер ұйымдастыру кестесі, Кербұлақ ауданының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттерін туралы, Кербұлақ аудандық, аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссия майлау, олардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, полиция бөлімі, аудандық бөлім, мекеме басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің, орталықтардың есептері, аудан бойынша арнайы жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы, коммуналдық қалдықтарды басқарудың бағдарламасын бекіту туралы тағы басқа маңызды мәселелер.
Сондай-ақ аудандық мәслихаты аппаратына мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалардан келіп түскен құжаттардың барлығына уақытылы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жауаптары беріліп отырды.
Аудандық мәслихатта екі тұрақты комиссиялары жұмыс атқарады. Олар:
Кербұлақ аудандық мәслихатының экономика, бюджет, кіші және орта бизнесті қолдау, заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік, тұрғын үй - коммуналдық, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелері бойынша» (комиссия төрағасы № 8 сайлау округінің депутаты Жанысбек Төлеген Самайұлы), «Кербұлақ аудандық мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, жастар ісі және наградтау мәселелері бойынша (комиссия төрайымы № 4 сайлау округінің депутаты Садықова Жұмакүл Сейдахметқызы)
Тұрақты комиссиялардың жалпы 13 оның ішінде бірлескен 8 отырысы және экономика, бюджет, кіші және орта бизнесті қолдау, заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік, тұрғын үй - коммуналдық, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелері бойынша 5 жеке отырысы өткізілді, оларда 58 қаулы қабылданды. Мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарында маңызды мәселелер де ескерілді:
Аудан мәслихатының қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдармен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы аудандық мәслихат төрағасының есебі, Кербұлақ ауданының Құрмет Грамотасымен наградтау туралы, «Қаспан ауылдық округ әкімінің 2023 жылы денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет салаларында, округ жастарын партиоттыққа тәрбиелеу және мүмкіндіктері шектеулі әр топтардағы мүгедектерге демеушілік көмек көрсету, жұмыссыздықпен күресу бағыттары бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі», Кербұлақ ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы , Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы № 1 «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізіндегі «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» бағдарламаларының аудан көлемінде орындалу барысы туралы.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сәйкес ауылдық елді мекендерді оңтайландыру бойынша ауылдарға келген тұрғындарды баспанамен және жұмыспен қамтамасыз ету, барлық инфрақұрылымдарды құру процестерді қалыпқа келтіру, сондай-ақ негізгі әлеуметтік мәселелерді шешу барысы бойынша Сарыөзек ауылдық округ әкімінің есебі
Аудан, ауылдық округ бюджеттеріне енгізілген өзгерістер туралы және басқа да мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданып, қабылданған қаулылар назарға алынып, мәселелердің маңыздылығына байланысты сессия қарауына енгізіліп, сессия шешімдерімен бекітіліп, уақытылы тиісті органдарға орындауға жолданды.
Тұрақты комиссиялардың жұмысын сипаттайтын болсақ, аудандық мәслихат төрағасының өкімімен сессияның қарауына енгізілген мәселелерді әзірлеу бойынша арнайы уақытша жұмыс топтары құрылып, жаднамалар дайындалып, аппарат қызметкерлерімен бірлесе отырып жұмыстар атқарылады.
Тұрақты комиссиялар өздерінің құзыреттеріне кіретін сұрақтар бойынша жобалық құжаттардың әрқайсысына көңіл бөліп, талдап, қызу талқылауға қояды. Атқарушы органдардың, тұрақты комиссиялардың араласуын талап ететін барлық проблемалық мәселелер ауданның, ауылдық округтердің әкімдіктерінің назарына уақытылы жеткізіледі.
Әлеуметтік желілер Instagram, Facebook, ресми сайт арқылы халықтан жедел ақпарат алу үшін сессияның өткізілетін күні мен күн тәртібі туралы халықты алдын ала хабардар етіледі. Сессиялар мен тұрақты комиссиялар отырысының материалдары, шешімдер мен қаулылардың жобалары, анықтамалар, баяндамалар, теңбаяндамалар және сөйлеген сөздер көрсетілген мерзімдері бұзылмай уақытылы дайындалуда.
Есептік кезеңде аудандық мәслихат аппаратына мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалардан және азаматтардан барлығы 8 өтініштер келіп түскен, барлығына жауаптар беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Ауданымыздағы «Amanat» партиясының фракциясы да белсенді жұмыс істейді. Бұл партияның бағдарламалық құжаттарын түсіндіру, қоғамдық қабылдаудың жұмысы, сайлаушылармен олардың жеке сұрақтары бойынша кездесулер, қоғамдық, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, көкейкесті мәселелердің шешімін қарастырады.
Халық қалаулылары ауданда және өздері сайланған сайлау округтерінде өткізілетін барлық әлеуметтік, саяси және қайырымдылық іс-шараларға белсенді қатысады.
Бұл олардың нақты істерімен расталады. Аудандық мәслихаттың барша депутаттары өз сайлау округтеріндегі көпбалалы, жалғыз басты, отбасыларында мүмкіндіктері шектеулі азаматтары бар отбасыларына мүмкіндіктерінше азық-түлікпен, ағаш отындарымен, малдарына жем-шөппен, балаларын мектепке дайындау кезеңінде, балалардың жазғы демалыстарын арнайы лагерьлерде өткізулеріне демеушілік көмектерін көрсетеді.
Жартылай жетім, тұла жетім балаларға, жалғыз басты қарттарға, көпбалалы отбасыларына әрдайым көмектерін көрсетіп отыруды дәстүрге айналдырған.
Аудандық мәслихаттың аудандағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе қоян - қолтық жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Депутаттардың атқарушы органмен жұмыс істеп тұрған іскерлік ынтымақтастығы, біздің ауданымыздың тұрғындарының мүддесі үшін кез-келген мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда аудандық мәслихатта өз жұмысын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Біз өзіміздің барлық күштеріміз бен білімімізді қойылған міндеттерді ойдағыдай іске асыру үшін қолданамыз. Есеп аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Депутат, Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы Қайрат Ботайұлы Бекиев