Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 31-181 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 - бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының беретін өкілеттігі шеңберінде және Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 64 ұсыныс хатына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудан аумағында тіркелген саяси партияның ұсынысына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы № 31-181 шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізіліп, № 6 округтік сайлау комиссиясының мүшесі Жұмаділ Айгүлдің орнына «Ауыл» партиясынан Нұрсултанов Расул Оразбайұлы округтік сайлау комиссиясының мүшелігіне сайлансын.
Мәслихат төрағасы Қ. Бекиев