Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 18-151 шешімі

Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Кербұлақ  аудандық  аумақтық және учаскелік сайлау  комиссияларының мүшелерін  сайлау туралы» № 10-88 шешіміне  өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 7-1) тармақшасына және Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 56 ұсыныс хатына сәйкес, Кербұлақ аудандық  мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан аумағында тіркелген саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Кербұлақ аудандық аумақтық учаскелік сайлау  комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 10-88 шешіміне төмендегі өзгерістер енгізіліп:

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Тынистамова Нурсулу  Наурызбаевнаның орнына Кербұлақ ауданының «Қамқор» мүгедектер қоғамы»  қоғамдық бірлестігінен Аденова Гульмира Ильясовна, № 174 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Иматаева Айгуль Ракышовнаның орнына «Оқу-ағарту,  бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Кербұлақ аудандық филиалынан Утегенова Асель Болатовна, № 175 учаскелік сайлау комиссия төрайымының орынбасары  Орынбаева Курманханның орнына «Respublica» партиясынан Оспангазиева  Батима Калиякметовна, № 175 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Нугуманова Амангуль Сейткаримовнаның орнына «Қазақстан халық партиясынан» Тунгатарова Майгуль Джаксылыковна, № 177 учаскелік сайлау комиссия төрайымының орынбасары Рустемова Даметхан Куттыкбаевнаның орнына «Respublica» партиясынан Құрманжанқызы  Мөлдір, № 180 учаскелік сайлау комиссиясының  мүшесі Болат  Асқарбек  Әлібекұлының орнына «Ауыл» партиясынан Нурбаева Салтанат Сабыржановна, № 184 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Байболат Гульмира Базарбековнаның орнына «Respublica» партиясынан Жұмаділ Айгүл, № 184 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Муслимқызы  Гульжанның  орнына Кербұлақ ауданының «Қамқор» мүгедектер қоғамы»  қоғамдық бірлестігінен Исабекова Гулзира Сериковна, № 186 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Маралбаева Мадина Женисовнаның орнына Кербұлақ ауданының «Қамқор» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінен Ахметова  Зауреш  Анапияновна, № 188 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы  Кокенова Айбота  Аскаровнаның орнына «Оқу-ағарту,  бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Кербұлақ аудандық филиалынан Тұрақбай Айнаш Қанатқызы, № 189 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Тулембекова Айгерим Талгатовнаның орнына «Оқу-ағарту,  бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Кербұлақ аудандық филиалынан Токбосынова  Самал Шарипхановна, № 189 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Токбосынов  Ермек Орынбековичтің орнына «Ақ жол» партиясынан Асанов Жандос Женисович, № 190 учаскелік  сайлау комиссия төрағасының  орынбасары  Избасар Әзімбек   Абилқақұлының орнына жоғары  тұрған сайлау комиссиясынан Ілесбек   Ілияс Талғатұлы, № 193 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ілияс Бақберген Амангелдіұлының орнына «Ауыл» партиясынан Касымкулова Гульфия  Тулетаевна, № 196 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Искакова Аймгуль Аниятовнаның орнына «Respublica» партиясынан Байсалбаева Сауле  Исембековна, № 200 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Калмырзаева Назерке Қалмырзақызының орнына «Respublica» партиясынан Кусаинова Фариза Бериковна, № 206  учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Кистаубаев Асет Бакытовичтің орнына «Amanat» партиясынан Байболова Мадина Кадырхановна,      № 208 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Бекарыс Мадина Бекарысқызының орнына  «Ақ жол» партиясынан Әшірбек Мадина Қадырбекқызы, № 210 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Султанов Еркуаныш Колтаевичтің орнына «Respublica» партиясынан Крикунова Зейнеп  Сатыбалдиевна, № 210 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Жумакожаева  Айгерим Камалбаевнаның орнына «Ауыл» партиясынан Ажбек Аян Серікұлы,  № 210 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Сатыбалды Ұлбосын Болатханқызының орнына «Ақ жол» партиясынан Оразалиев Әлиасқар  Лиясұлы, № 219 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Оспанов Ермек  Алтынбековичтің орнына «Amanat» партиясынан Кистаубаев Асет Бакытович,          № 224 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі  Бабикенова  Жадра  Бекетовнаның орнына «Respublica» партиясынан Онербаева Мадина Нұрланқызы, № 226 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы  Ахан Аяулым  Мұхтарқызының орнына «Ақ жол» партиясынан Таңірберген Қаракөз Байғалиқызы,   № 226 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Абдуллаева Дәния  Сағидоллақызының орнына «Ауыл» партиясынан Кенжебекова Акмарал Акылбековна, № 226  учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Тойшибекова Сауле Уразалиевнаның орнына «Respublica» партиясынан Сыдықан Жалғасбек  Алмасұлы аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігіне  сайлансын.

 

 

        Мәслихат төрағасы                                               Қайрат Ботайұлы Бекиев 

Дата публикации
21 января 2025