Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 13-116 шешімі

Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2023 жылғы   17 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау  бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»  № 31-181 шешіміне  өзгерістер  енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 - бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының беретін  өкілеттігі  шеңберінде   және  Кербұлақ аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының  2024 жылғы  15  наурыздағы № 37 ұсыныс хатына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан аумағында тіркелген саяси партиялардың ұсыныстарына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы № 31-181 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізіліп, № 5 округтік сайлау комиссиясының төрайымы Мустафаева Карлыгаш Абдикалыковнанының орнына «Аудандық ардагерлер кеңесінен   Омарова Асемгуль Кенжехановна, № 6 округтік сайлау комиссиясының  төрайымы Омарова Асемгуль Кенжехановнаның орнына  «Amanat» партиясынан  Мустафаева Карлыгаш Абдикалыковна, № 6 округтік сайлау комиссиясының   мүшесі Керейбаева Дария Адилбекқызының орнына «Қазақстан Халық партиясынан» Абишева Майра Турдахуновна округтік сайлау комиссияларының мүшелігіне  сайлансын.

 

 

                    Мәслихат  төрағасы                                                   Қ. Бекиев 

Дата публикации
21 января 2025