Решение Кербулакского районного маслихата № 13-115 от 12 апреля 2024 года

Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы  «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының   мүшелерін сайлау туралы» № 10-88 шешіміне  өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының   7-1) тармақшасына және Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 15  наурыздағы № 37 ұсыныс хатына сәйкес, Кербұлақ аудандық  мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан аумағында тіркелген саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихатының   2023 жылғы 27  желтоқсандағы «Кербұлақ аудандық аумақтық учаскелік  сайлау  комиссияларының мүшелерін  сайлау туралы» № 10-88 шешіміне төмендегі өзгерістер енгізіліп, сайлау комиссия мүшелігіне:
  2. № 181 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Мурзатаева Жумакул Мухаметжановнаның орнына «Respublica» партиясынан Шарипова Жанар Маратовна, № 184 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Аширметова  Айгерым Агибаевнаның орнына Байболат Гульмира Базарбековна,    № 228 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Калыбеков Нуркен Қайыпбаевичтің орнына «Amanat» партиясынан Наурызхан Жархын, № 228 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Умербекова Жанна Женисовнаның орнына «Ақ жол» партиясынан Жармуханбет Нарғыз Серікқызы, № 228 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Илияс Бекболаттың  орнына «Respublica» партиясынан Канапиянов Бахытбек Бейсенович учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігіне  сайлансын.

 

 

 

 

                    Мәслихат төрағасы                                              Қ. Бекиев 

 

Дата публикации
21 января 2025