Кербұлақ аудандық мәслихатының
2024 жылғы 25 сәуірдегі № 14 – 126 шешімі
Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының беретін өкілеттігі шеңберінде, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі «Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» № 07-57 шешімінің қосымшасындағы 2 тарауының 8-тармағына және аудан әкімінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 80-02/578-и ұсынысына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына орай Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаты Ақбуюмов Серік Жетайұлы, Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы Низанова Қарлығаш Әлмұхамбетқызы Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградталсын.
Мәслихат төрағасы Қ. Бекиев