Аудандық мәслихат төрағасының 2023 жылға есебі

 

Аудандық  мәслихаттың қызметін   ұйымдастыру бойынша атқарылған  жұмыс,  депутаттық сауалдар мен депутаттық  жолданымдардың  қаралу  барысы, сайлаушылардың  жолданымдары және  олар  бойынша  қабылданған  шаралар,  мәслихаттың  өзге де  жергілікті  өзін-өзі басқару органдарымен  өзара іс-қимыл жасауы,  мәслихат аппаратының  қызметі туралы  аудандық мәслихат  төрағасының есебі

 

 

Құрметті депутаттар, сессия жұмысына  қатысушылар !

 

Еліміздегі демократиялық құндылықтарды жүзеге асырып, қоғамды толғандыратын кез-келген мәселелердің дер кезінде шешіліп, жүзеге асуы жергілікті жерлерде сайланған депутаттардың құзыретімен тығыз байланысты. Өйткені депутат халық таңдаған өкіл ретінде қоғамның қай саласындағы болмасын көкейкесті мәселелерге назар аударып, оның түпкілікті шешімін табуына ат салысуы тиіс. Осы орайда ширек ғасырдан астам тарихы бар отандық мәслихаттың тәжірибесі елімізде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалмен тығыз байланысты.

Депутаттық қызметтің бұлжымайтын ұстанымы – сайлаушылардың мүдделерін қорғау мен оларға барынша қамқорлық көрсету, демократия ұстанымдарын күшейту, азаматтардың құқықтары, еркіндіктері және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау болып табылады. 2023 жылдың 19 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлау қортындысы бойынша Кербұлақ аудандық мәслихаты 13 депутаттық мандатқа ие болды. Оның 11-і «AMANAT» партиясынан,   1 депутат «Ауыл» партиясынан және 1 депутат өзін-өзі ұсыну арқылы сайланды.  

Қазіргі таңда барлық депутаттардың басты мақсаттары ауданның  саяси- қоғамдық өміріне араласу, жерлестеріміздің өзекті мәселелерін шешуге  көмектесу. Аудандық «AMANAT» партия филиалының бес жылға арналған сайлауалды Бағдарламасының жүзеге асырылуына белсенді түрде ат салысуда.

2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың нәтижесі көңіл қуантарлық деп айтуға болады, ауданымыз барлық макро экономикалық   көрсеткіштерді және «құрылыс жұмыстарын санамағанда»  табысты орындалды. Жыл аяғына дейін де осы қарқынмен экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, алға қойған межелерді толығымен орындаймыз деген сенімдеміз. Келесі жылдың үлесіне,яғни 2024 жылға Қоғалы ауылының көпіріне жөндеу жұмыстары  жоспарланып отыр.

Ендігі кезекте аудандағы халық қалаулыларының және аудан мәслихатының 9 айдағы атқарған жұмысына тоқталып өтсем. 

Жыл басынан есепті кезеңге дейін аудандық  мәслихатында 10 рет сессиясы өткізіліп, онда 63 түрлі, атап айтқанда: Аудандық жер комиссиясының  құрамын бекіту, Кербұлақ ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды  басқару  және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту, Кербұлақ ауданының, ауылдық округтерінің 2022 жылғы бюджеттерінің орындалуы және бюджеттік  қаржының өз бағытында жұмсалуы туралы,  Аудандағы отбасы тәрбиесіне (асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа) берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың  құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, Шанханай ауылдық  округіндегі көпбалалы аналарды, еңбекке жарамды мүгедектерді шағын орта  кәсіпкерлікке  тарту, олардың қолданыстағы бизнесіне қолдау көрсету, арнайы Үкімет бағдарламаларына  сәйкес жеңілдіктер мәселесін қарастыру мен әр түрлі аудандық, облыстық іс-шараларға қатысуларын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік  Кодексіне сәйкес, ауданға  инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, баға  тұрақтылығы мен жеке кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау ауылдық  округтердегі санитарлық тазалық пен ветеринария саласына қатысты мәселелер мен округтердің жалпы  әлеуметтік –экономикалық  дамуы туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің  2006 жылдың қаңтардағы  № 19 Жарлығына сәйкес ауданы әкімінің  өзіне жүктелген функциялары, міндеттері мен  жоспарлары  туралы есебі, аудандық полиция бөлімінің жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін  қамтамасыз ету барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және учаскелік инспекторларының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жұмыстары туралы, ауылдық округер аумағындағы елді мекендерді  таза ауыз сумен, түнгі жарықтандырумен қамтамасыз ету, жер мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданып, орындалулары аудан депутаттарының бақылауына  алынды.

Ағымдағы жылдың 9 айында тұрақты комиссиялардың 17 отырысы (оның ішінде бірлескен үш отырысы) өткізіліп, сәйкесінше 28-ге жуық қаулылар  қабылданып, орындалулары бақылауға алынды. Сонымен қатар өздері жетекшілік ететін тұрақты комиссиялардың төрағалары жыл сайын міндетті түрде мәслихат сессияларында депутаттар алдында атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, жұмыстарын қортындылап отырады. Мәслихат аппараты өз кезегінде сессияда қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпаратты қорытындылап, депутаттарды дер кезінде хабардар етіп отырады. Белгілі бір мәселелерді жан-жақты көрсету мақсатында ауылдық округтерге, мекемелерге тәжірибе алмасу мақсатында шығады.

Аппараттың ынтымақтастығы мен іссапарларының арқасында депутаттар мектептердің, балабақшалардың жай-күйімен танысып, мәслихат шешімдерінің оңтайлы қабылдануына ықпал етеді.

 2023 жылдың есептік мерзімінде депутаттар тарапынан әртүрлі инстацияларға аудан халқын   мазалап жүрген мәселелер бойынша  10  депутаттық сауалдар жолданып, орындалуы бақылауға  алынды. 

Аудан депутаттары осындай ресми жұмыстармен ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық, демеушілік іс-шаралармен де жиі айналысады.

Атап айтсақ:  Биылғы  Қасиетті Рамазан айында, 1 қыркүйек білім күніне орай «Мектепке жол» акциясына және 1 қазан Ардагерлер күніне арналған «Ардагерлерді аялайық» және тағы да басқа қайырымдылық іс-шаралары аудан тұрғындарының халық қалаулыларына деген ыстық ықыластарын білдіріп отырады. Депутаттар  аудан аумағындағы  қарияларымызға, жалғыз басты қарттарымызға, көпбалалы отбасыларына, әр топтағы мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі жасөспірімдерге, мектеп оқушыларына әрдайым, әр бағытта  демеушілік   көмектерін көрсетуді дәстүрге айналдырған.   

Депутаттар қашанда халықпен бірге. Сондай-ақ  аудандық мәслихат  депутаттары 2023 жылдың          21-25 тамыз және 2-6 қазан аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы мемлекеттік басқару академиясында  «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» бойынша біліктіліктерін  арттырып, аудан, облыс, республика көлемінде өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, көптеген марапаттарға ие болуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылғы  «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша  халық арасында талқылау жүргізді.

Аудан бойынша Сіздердің назарларыңызға жеткізу үшін әзірленген қысқаша ақпарат аяқталды. Жоғарыда аталған игі шаралар аудандық мәслихатының депутаттары назардан тыс қалдырмай әрдайым  жалғастырып отырады деп сендіремін.

 

Назарларыңызға рахмет.

 

 

 

 

 

Кербұлақ аудандық

мәслихатының төрағасы                                         Қ. Бекиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық мәслихат төрағасының есебі
Дата публикации
01 февраля 2024