Кербұлақ аудандық мәслихатының
2024 жылғы « 10 » қаңтардағы
№ 11 – 96 шешімі
Кербұлақ аудандық мәслихатының
2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының беретін өкілеттігі шеңберінде Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Мәслихат төрағасы Қ. Бекиев
Кербұлақ аудандық мәслихатының
2024 жылғы « 10 » қаңтардағы
кезектен тыс ХI сессиясының
№ 11 – 96 шешімімен
бекітілген қосымша
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Жүргізілетін жұмыстар |
Өткізілетін уақыты |
Жауапты адамдар |
|
I – тоқсан |
|||
|
1 |
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы ҚР Заңына сәйкес ауылдық аумақтарды дамыту, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен мал шаруашылығымен айналысатындарды субсидиялау мәселесі туралы (Аталған салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының есебі) |
наурыз сәуір |
аудан әкімінің орынбасары, жауапты бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» № 19 Жарлығына сәйкес, Қарашоқы, Жоламан ауылдық округ әкімдерінің мәслихат депутаттарының алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері |
наурыз сәуір |
Қарашоқы, Жоламан ауылдық округ әкімдері, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономика, бюджет, кіші және орта бизнесті қолдау, заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік, тұрғын үй –коммуналдық, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі (Аудан және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуымен бірге) |
наурыз сәуір |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
4 |
2023 жылғы Кербұлақ ауданының, ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы және бюджеттік қаржының өз бағытында жұмсалуы туралы есебі. (Облыстық тексеру комиссиясы мен аталған салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының есебі) |
наурыз сәуір |
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
5 |
Әр түрлі мәселелер (келіп түскен ұсыныстар бойынша)
|
наурыз сәуір |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
II – тоқсан |
|||
|
1 |
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес аудандағы жастар-ресурсы орталығының атқарып жатқан жұмысы туралы (Аталған салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының есебі ) |
мамыр маусым |
аудан әкімінің орынбасары, жауапты бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» № 19 Жарлығына сәйкес, Басши, Шұбар ауылдық округ әкімдерінің мәслихат депутаттарының алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері |
мамыр маусым |
Басши, Шұбар ауылдық округ әкімдері, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Әр түрлі мәселелер (келіп түскен ұсыныстар бойынша) |
мамыр маусым |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
III - тоқсан |
|||
|
1 |
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың қаңтарындағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары, міндеттері мен жоспарлары туралы аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі |
тамыз қыркүйек |
аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
«ҚР ішкі істер органдары туралы» Заңына сәйкес, аудандағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, барлық деңгейдегі қылмыспен күресу барысындағы атқарылып жатқан патрульдік полиция жұмысы туралы (Аудандық полиция бөлімі басшысының есебі)
|
тамыз қыркүйек
|
аудан әкімінің орынбасары, аудандық полиция бөлімінің басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Кербұлақ аудандық мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, жастар ісі және наградтау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының атқарған жұмысы туралы есебі |
тамыз қыркүйек
|
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
4 |
Әр түрлі мәселелер (келіп түскен ұсыныстар бойынша) |
тамыз қыркүйек |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
IV - тоқсан |
|||
|
1 |
«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне» сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші құралдарымен қамтамасыз ету және кәсіптік, медициналық, әлеуметтік оңалту барысындағы атқарылып жатқан шаралар туралы аудан әкімі орынбасарының есебі |
желтоқсан |
аудан әкімінің орынбасары, жауапты бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Аудан мәслихатының қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдармен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы аудандық мәслихат төрағасының есебі |
желтоқсан |
мәслихаттың аппарат басшысы, тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» № 19 Жарлығына сәйкес, Қызылжар ауылдық округ әкімінің мәслихат депутаттарының алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі |
желтоқсан |
Қызылжар ауылдық округ әкімі мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Кербұлақ ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы |
желтоқсан |
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
4 |
Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы |
желтоқсан |
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
5 |
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы |
желтоқсан |
мәслихаттың аппарат басшысы, тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
6 |
Әр түрлі мәселелер (ұсыныстар бойынша)
|
желтоқсан |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
ДЕПУТАТТАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ЖОСПАРЛАРЫ |
|||
|
1 |
Аудандық мәслихат депутаттарының өз сайлау округтерінде сайлаушыларды қабылдауын өткізу
|
тұрақты түрде бекітілген кестеге сәйкес |
мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Аудандық мәслихат депутаттарының өз сайлаушылары алдында жыл қорытындылары бойынша депутаттық қызметтері туралы есептерін беру |
арнайы бекітілген кестеге сәйкес |
мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Аудандық мәслихат депутаттарының аудандық БАҚ беттерінде өз мақалаларын жариялау |
тұрақты |
мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері |
|
4 |
«Аmanаt» партиясының аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдауларын өткізу. Депутаттық фракция жұмысын жандандыру |
«Аmanаt» партиясының аудандық филиалының бекіткен арнайы кестесіне сәйкес, тұрақты |
мәслихат депутаттары, фракция тобының жетекшісі |
|
5 |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының беретін өкілеттігі шеңберінде мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер және жеке тұлғалардан депутаттың атына түскен арыздар бойынша аудан, ауылдық округ әкімдеріне, тиісті аумақтық бөлімшелерге, атқарушы органдардың лауазымды адамдарына қажеттілікке қарай депутаттық сауалдар жолдау |
қажеттілік туындауына байланысты, тұрақты |
мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері |
|
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР |
|||
|
|
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларын бекіту туралы. |
І-тоқсан 2024 жыл |
тұрақты комиссия төрағалары және аппарат қызметкерлері |
|
|
Аудандық мәслихат сессияларының күн тәртібіне енгізілетін мәселелерді тұрақты комиссиялардың отырысында, қажеттілігіне қарай талқылау және көпшілік тыңдау өткізуді қарастыру. |
сессия қарсаңында |
тұрақты комиссия төрағалары және аппарат қызметкерлері |
|
|
Тұрақты комиссиялардың жеке жұмыс жоспарына сәйкес мәжілістерін дайындап, өткізу. |
жоспарға сәйкес |
тұрақты комиссия төрағалары және аппарат қызметкерлері |
|
ЖАЛПЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
|
|
Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес мәслихат аппараты қызметкерлерінің 2024 жылға арналған жеке жұмыс жоспарын бекіту. |
1-тоқсан 2024 жыл |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
|
Мәслихаттың кезекті және кезектен тыс сессияларының тиісті деңгейде өтуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар алу. |
сессия қарсаңында |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
|
Мәслихаттың әрбір сессиясының отырысына қажетті материалдар жинағын, шешімдердің жобаларын, сессия өткізгеннен кейін хаттамаларын уақытылы жасақтау. |
тұрақты |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
|
Мәслихаттың сессия отырыстарында қарастырылған мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау, қабылданған шешімдерді тиісті органдар мен орындаушыларға жолдау. |
тұрақты |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
|
Мәслихаттың жұмысының ашықтығы мен жариялылығын, ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мәслихат отырыстарының тікелей эфирде өткізілуін және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын ұйымдастыру, Кербұлақ аудандық мәслихаттың ресми сайтында тиісті ақпараттарды уақытылы орналастыру |
тұрақты |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
|
Аудандық мәслихаттың сессиясында қабылданған шешімдерді Әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткізу, бақылауда ұстау, қолданыстағы шешімдерге құқықтық мониторингтік талдау жүргізу |
тұрақты |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
|
Аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялары қаулыларының орындалуын бақылау. |
қажеттігіне қарай |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
|
Аудандық мәслихат депутаттарының аудан аумағында өтетін мерекелік және мәдени іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету |
тұрақты |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
|
Жыл қортындысы бойынша әр маман мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін іске асыру мақсатында жеке жұмыс жоспарларының орындалуына сәйкес қортынды есеп әзірлеу |
Жыл қортындысы бойынша қаңтар айының 20 күніне |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
Аппарат басшысы Г. Рақымбекова