Кербұлақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы 20 қарашадағы № 08-67 шешімі
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелері мен төрағаларын (төрайымдарын) сайлау туралы № 01-05 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының беретін өкілеттігі шеңберінде, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелері мен төрағаларын (төрайымдарын) сайлау туралы № 01-05 шешімімен сайланған Кербұлақ аудандық мәслихатының экономика, бюджет, кіші және орта бизнесті қолдау, заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік, тұрғын үй-коммуналдық, аграрлық және жер мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі Марат Құспанұлы Тоқтыбаев өз еркімен жазған өтініші негізінде комиссия мүшелігінен босатылсын.
2. Кербұлақ аудандық мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, жастар ісі, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі Рахимбеков Бақыт Давлеткелдіұлының орнына Есимов Бақытбек Сансызбайұлы аталмыш тұрақты комиссия мүшесі болып сайлансын.
3. Осы шешіммен енгізілген өзгерісті қамтамасыз ету аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Г. Рақымбековаға жүктелсін.
Мәслихат хатшысы Қ. Бекиев