Кербұлақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы 20 қарашадағы № 08-66 шешімі
Кербұлақ аудандық мәслихатындағы шығып қалған депутаттың орнына болған сайлаудың қорытындысы туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының беретін өкілеттігі шеңберінде Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж. Бурахановтың 2023 жылдың 29 қазанындағы № 10 Жайнақ сайлау округі бойынша өткізілген Кербұлақ аудандық мәслихатындағы шығып қалған депутаттың орнына болған сайлаудың қорытындысы бойынша жасалған хабарламасы назарға алынсын.
Мәслихат төрағасы Қ. Бекиев