Кербұлақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы 20 қарашадағы № 08-65 шешімі
«Amanat» партиясынан сайланған Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаты М. Тоқтыбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20 – бабының 3 – тармағының 7) тармақшасына және Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 3 қазандағы № 104 қаулысы негізінде Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Amanat» партиясынан сайланған Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаты Марат Құспанұлы Тоқтыбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихатының аппарат басшысы Г. Рақымбековаға жүктелсін.
Мәслихат төрағасы Қ. Бекиев