ЖОБА
«Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы
«__» _____________
№___________ шешіміне қосымша
|
Кербұлақ аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
- Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерінбекіту туралы» 2020 жылғы 27 шілдедегі № 59-348 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5589 болып тіркелген);
- Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 15-77 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25694 болып тіркелген);
- Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 13 мамырдағы № 21-120 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28072 болып тіркелген).