ЖОБА «Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы»

ЖОБА

 

  

 

«Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы»

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қаңтардағы

№ 24-136 «Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4522 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Ракимбекова Гүлмира Абдигалиевнаға жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


 

                                                                                                              

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының

2023 жылғы «___» ______________

 № __________ шешіміне қосымша

 

Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже


  1 тарау. Жалпы ереже

 

  1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
  2. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде бес жыл қызмет өтілі бар ауданның экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін дамытудағы, білім беру саласындағы, әскери және өзге де мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері және жеке үлес қосқаны үшін азаматтар наградталады.
  3. Құрмет грамотасымен марапаттала алмайды:

         1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;

         2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;

         3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;

2 тарау. Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен

наградтау тәртібі

     

  1. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстар еңбек, шығармашылық ұжымдарымен, ауданның өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен ұсынылады.
  2. Наградтау бетшесінде наградталушының жеке басын сипаттайтын деректер, оның сол саладағы және ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер жазылады.
       Наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысымен қол қойылады.  
             Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар әкімдерінің және Кербұлақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің басшыларының наградтау бетшесіне аудан әкімімен қол қойылады.
  3. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымының наградтау бетшесі мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады.

         Әрі қарай Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.

  1. Егер ұсынылған кандидат немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, осы ұсыныс аудандық мәслихаттың сессиясында қарауға енгізілмейді.
  2. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Кербұлақ аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
  3. Құрмет грамотасымен қайталап наградтау жүргізілмейді.

         Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

  1. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім кадр қызметімен наградталушының еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.
  2. Наградтау туралы мәліметтер Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал аудан әкімі аппаратының наградтау мәселесі жөніндегі маманында бес жыл бойына сақталады, одан әрі аудан әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.
  3. Құрмет грамотасын аудан әкімі, аудандық мәслихаттың төрағасы наградталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында салтанатты түрде табыс етеді.

 

3 тарау. Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

 

  1. Құрмет грамотасы беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көк түсті балакрон папка.

         Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

         Қосымша бетшенің айқармасында сол жағынан ұлттық оюмен өрнектелген Кербұлақ ауданының символикасы орналасады.

         Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында наградталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазу үшін орын қалдырылады.

         Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.     

  1. Құрмет грамотасын дайындауды аудан әкімінің аппараты жүзеге асырады.
Дата публикации
09 августа 2023