О внесении изменений в решение Кербулакского районного маслихата от 23 декабря 2022 года № 30-173 «О плане работы Кербулакского районного маслихата на 2023 год»

2023 жылғы  6 сәуірдегі  № 02-13 шешімі

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының  2022 жылғы  23  желтоқсандағы  «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» № 30-173 шешіміне  өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 1) тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің №1122 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы  № 19  Жарлығына   өзгеріс енгізу туралы» Жарлығының 1-тармағына  сәйкес,  Кербұлақ аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

1.       Кербұлақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы  «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы»  № 30-173 шешімінің қосымшасындағы:

1)  «Кербұлақ аудандық  аудан  экономикасы мен  бюджеті, салық, кіші және орта  кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау,  құрылыс, коммуналдық  шаруашылық және  халыққа қызмет көрсету  жөніндегі  тұрақты комиссия төрағасының аудан бюджетінің атқарылуы туралы  есебі» - деген комиссия атауы «Кербұлақ аудандық мәслихатының экономика, бюджет, кіші және орта бизнесті қолдау, заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік, тұрғын үй-коммуналдық, аграрлық және  жер  мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасының аудан бюджетінің атқарылуы  туралы есебі»;

2) «Кербұлақ  аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және  азаматтардың құқығымен тәртіптік құқық  жөніндегі  тұрақты   комиссия  төрағасының  атқарған  жұмысы туралы есебі»- деген комиссия  атауы  «Кербұлақ аудандық мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, жастар ісі, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасының  атқарған  жұмысы  туралы есебі»;

3) «Аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс,  депутаттық сауалдар  мен  депутаттық  жолданымдардың  қаралу барысы, сайлаушылардың  жолданымдары  және  олар  бойынша  қабылданған шаралар, мәслихаттың  өзге  де  жергілікті  өзін-өзі басқару органдарымен  өзара іс-қимыл  жасауы, мәслихат  аппаратының қызметі туралы аудандық мәслихат  хатшысының   есебі»- деген  хатшының  лауазымы «Аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс,  депутаттық сауалдар  мен  депутаттық  жолданымдардың  қаралу барысы, сайлаушылардың  жолданымдары  және  олар  бойынша  қабылданған шаралар, мәслихаттың  өзге  де  жергілікті  өзін-өзі басқару органдарымен  өзара іс-қимыл  жасауы, мәслихат  аппаратының қызметі туралы аудандық мәслихат  төрағасының  есебі»- деп  ауыстырылып, жаңа  редакцияда баяндалсын.

2.       Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Г. Рақымбековаға  жүктелсін.

 

 

        Мәслихат  төрағасы                                                  Қ. Бекиев

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 мая 2023