Кербұлақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы «17»қаңтардағы № 31-188 шешімі
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»
№ 42-233 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республдикасының Конституциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан аумағында тіркелген қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 42-233 шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізіліп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне:
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Ғабит Мөлдір Ғабитқызының орнына Аудандық ардагерлер кеңесінен Тынистамова Нурсулу Наурызбаевна сайлансын.
Мәслихат төрағасының
міндетін уақытша атқарушы Ж. Садықова