Кербұлақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы «17»қаңтардағы № 31- 182 шешімі
Кербұлақ ауданының № 191 учаскелік сайлау комиссия мүшелерін сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 - бабының 3 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 7-1) тармақшасына және Жетісу облыстық аймақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Жетісу облысындағы дауыс беру учаскелерін біріңғай нумерациялауды бекіту туралы» № 50-1, Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 5 хатымен жолдаған 2022 жылғы 31 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданында сайлау комиссиясын құру туралы» № 46 қаулыларына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ ауданының жаңадан құрылған № 191 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері саяси партиялар мен жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсыныстары негізінде осы шешімнің қосымшасына сәйкес сайлансын.
Мәслихат төрағасының
міндетін уақытша атқарушы Ж. Садықова