Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 31-181 шешімі
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 - бабының 3 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелері саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде осы шешімнің қосымшасына сәйкес сайлансын.
Мәслихат төрағасының
міндетін уақытша атқарушы Ж. Садықова