Аудан мәслихатының қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдармен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы аудандық мәслихат хатшысының есебі
Құрметті депутаттар және сессияға қатысушылар!
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды» деп көрсетілген. Ауданымыздың жергілікті өкілді органы, Кербұлақ аудандық мәслихаты өз қызметінде еліміздің Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңын және де басқа заңнамалық актілерін, аудандық мәслихаттың регламентін басшылыққа алып, жұмысын абыроймен атқаруда.
Құрметті депутаттар және сессияға қатысушылар!
Қазақстандағы мәслихаттар өз өкілеттіктері аясында көптеген өзекті мәселелер мен қордаланған мәселелерді шешуге ықпал ететін халық пен билік арасындағы өзіндік көпір болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында әрбір шақырылым сайын мемлекеттік басқарудың ең маңызды буыны ретінде азаматтарға және әлеуметтік мәселелерге барынша жақын жергілікті өкілетті органдардың маңызы арта түсті. Аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес мәслихат хатшысы жылына бір рет мәслихат депутаттарының алдында есеп береді.
Мәслихаттың жұмысы бірнеше бағытқа бөлінеді:
1. Сессия - жергiлiктi өкiлдi органдар қызметiнiң негiзгi нысаны ретiнде оның құзыретiне қатысты мәселелер шешiлетiн жұмысымызда басты орынды алады
Есепті 2022 жылда аудан мәслихатының 21 сессиясы өтті
4 кезекті және 17 кезектен тыс. Барлығы 80 мәселе қаралды, оның ішінде 12 нормативтік құқықтық актілер. Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 142-тармағын орындау мақсатында, барлық деңгейдегі мәслихаттар отырыстарын міндетті түрде онлайн-трансляциялауды енгізуге байланысты аудандық мәслихат аппараты қажетті құрал-жабдықтарды және жылдың басында aidube.kz платформасында 8 сессиясын өткізді. Сессиялық іс-шаралар барысында аудан бюджетін қалыптастыруға, оның атқарылуына, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге көп көңіл бөлінеді..
Айта кетерлігі, бізде сессиялардың қарауына материалдар дайындаудың тәсілдері жаңартылды, ол депутаттардың дайындық процесіне қатысуынан көрінеді. Сонымен қатар, барлық сессия материалдары электронды пошта, интернет,ватсап арқылы жіберіледі, бұл сессия материалдарын алдын ала зерделеп, нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы мәслихат депутаттары қаралып жатқан мәселелер бойынша онлайн және оффлайн режимдегі сессиялар мен пікірталастарға белсенді қатысты. Депутаттардың қатысуы 99 пайызды құраса, тек 1 пайызы ғана дәлелді себептермен келмеген.
ІІ. Тұрақты комиссиялар:
Мәслихатта екі тұрақты комиссия құрылып, жұмыс істеуде.
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқық жөніндегі тұрақты комиссиясы (төрайымы Садықова Жұмакүл Сейдахметқызы);
2. Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясы (төрағасы Есимов Бақытбек Сансызбайұлы);
Тұрақты комиссиялардың отырыстарында мәселелер қаралғанға дейін міндетті түрде ауылдық округтерге және қаралатын мәселелердің объектілеріне барып сұрақтарды әзірлеу мақсатында уақытша комиссия құрылады.
Мәслихаттар белгілі бір саяси және әлеуметтік шешімдердің қабылдануына немесе қабылданбауына шын мәнінде әсер етіп, қоғам өмірінің тиімді құрамдас бөлігіне айналғанын атап өткен жөн. Азаматтардың әлеуметтік белсенділігі арқылы жергілікті маңызы бар барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін, сол арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысуын ынталандыратын жергілікті өзін-өзі басқару. Атқарушы биліктің барлық шешімдері, өңірді дамыту бағдарламасы сессияның қарауына шығарылғанға дейін мәслихаттың түрақты комиссияларында талқыланады.. Мәселен, мәслихаттың тұрақты комиссиялары екі отырыс өткізсе, оның бірі кеңейтілген отырыс негізінде өтті. Отырыста қаралған мәселелер бойынша алдын ала депутаттарды тексеруге тиісті жерлерге сапарларға шығару, аудан тұрғындарымен және аудан белсенділерімен кездесу жұмыстары ұйымдастырылып, аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі, сондай-ақ тұрғын үйлердің құрылысы, жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайы және т.б. маңызды мәселелерге қатысты қажетті слайдтар мен қосымша теңбаяндамалар дайындалады.
Сондай-ақ, халық қалаулылары ауылдық округтердегі жалпы білім беретін мектептерді жаңа оқу жылына дайындығына қарай аралады. Жалпы білім беретін мектептерде жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мердігерлерге сапасыз жөндеу жұмыстарының фото және бейнематериалдары ұсынылып, нәтижесінде мердігерлерге барлық кемшіліктер туралы ескертулер жасалып, соған сәйкес анықталған барлық кемшіліктерді жою керектігі айтылды.
ІІІ. Депутаттық сауалдар
Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
Мәселен, жыл басынан бері қажетіне қарай аудандық мәслихат депутаттары құзырлы органдарға 2 түрлі сипаттағы депутаттық сауал жолдаған:
1. Бекиев Қайрат Ботайұлы – 1;
2. Ильясова Әсем Нұрмұхамбетқызы – 1
Депутаттар сайлаушылар көтерген мәселелерді шешу үшін депутаттық сауалдардың жұмыс форматын кеңінен пайдалануы қажет.
1. Азаматтарды қабылдау
Жыл басынан аудандық мәслихат депутаттары өз елді мекендерінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Тұрғындарды жеке қабылдау барысында тұрғындардың көптеген мәселелері жедел түрде шешілуде. Көптеген мәселелер бойынша оң шешімдер қабылданып, басқа да өтініштер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер берілді. Талдау көрсеткендей, өткен жылдармен салыстырғанда әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштер азайған. Жыл бойына халық қалаулылары нысандардағы жұмыстарды қадағалап, кейіннен өздерінің жеке әлеуметтік аккаунттарында жариялады.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары барлық игі шаралар мен акцияларға белсене атсалысты.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында депутаттар ауылдық округтер деңгейіндегі жергілікті қоғамдастық жиындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Барлық мониторингтік іс-шаралар белсенді тұрғындардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады, өйткені олар жүзеге асырылып жатқан жобалардың қызметтерін алушылар болып табылады. Осылайша, біз нәтижеге бағытталған және әлеуметтік шиеленісті жеңілдететін бюджет қаражатын сапалы игеруге қол жеткіземіз. Сондай-ақ, депутаттарымыз округтердің әлеуметтік желідегі парақшаларын үнемі қадағалап, сайлаушылардың өтініштері мен арыз-шағымдарына бірден жауап беріп отырады. Сондай-ақ Facebook және Instagram парақшаларында тікелей эфирді тәжірибеге енгіздік. Өткен жылы депутаттар «Депутатқа сұрақ қой» хэштегімен тікелей эфир жүргізді. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың интернет-сайты (жасырын) сайтқа келушілерді депутаттық корпустың қызметі туралы тезірек хабардар етуге мүмкіндік береді. Сайттағы материалдар үнемі жаңартылып отырады. Депутаттарға жағдай жасау үшін аудандық мәслихаттың депутаттық кабинетінде мәслихат аппаратының басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызының жетекшілігімен депутаттардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдарды зерделеу, оқу-ағарту сабақтары мен кеңестер өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары әрдайым жүргізілуде.
1. V. Депутаттық оқулар
Депутаттар бөлмесінде депутаттардың сұранысына сәйкес, келесідей өзекті тақырыптарда депутаттарға түсіндірме жұмыстары өткізілді.
- Жергілікті өзін-өзі басқаруды, мемлекеттік қызметті және т.б. дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің тізбесі туралы;
- «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» бойынша түсіндірме;
- Кербұлақ ауданындағы халықты әлеуметтік қамсыздандырудағы өзгерістер туралы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін түсіндіру;
- Төлем орталығында көрсетілетін қызметтер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) түскен қаражат бойынша да көрсетіледі;
- Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі.
Депутаттарға аудандағы жағдайды, оның даму тенденцияларын тұрақты негізде жан-жақты және объективті зерделеу, жалпылау және талдау сияқты нақты ұсыныстар беріліп отыр. Аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінде тұрақты жариялану үшін, мәслихат депутаттары редакцияға мақалаларын жолдап отырады және мәслихатта өткізілген сессиялар, шаралар туралы мақалалар осы газетте жарияланып тұрады. Сондай-ақ, республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында депутаттарымыз туралы мақалалар жарияланды. Аудандық мәслихат депутаттарының сапалы құрамы ауданымыздың өміріне қатысты барлық маңызды мәселелерді жүзеге асыруға және міндетті түрде аудандық мәслихат арқылы өтуге мүмкіндік береді. Біздің халық қалаулылары қоғамдағы өз орны мен рөлін жақсы түсінді, сайлаушылардың мүддесін принципті түрде қорғауды үйренді. Енді біз алдымызға халықтың еркін білдіріп қана қоймай, оны жүзеге асыру шараларын белгілеп, олардың орындалуын үнемі қадағалап отыруды міндет етіп қойдық.
VI Мәслихат аппараты
Аудандық мәслихаттың қызметі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ нормативтік құқықтық құжаттарға, сессияда бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Мәслихат аппараты 2021 жылы жалпы - 182 кіріс құжаттары, оның ішінде: облыс тарапынан - 66, әділет департаментінен-9, аудан әкімдігі мен мекемелерінен – 104, ауылдық округтерінен - 3 құжат түссе , 2022 жылдың есепті кезеңінде жалпы - 134, оның ішінде облыс тарапынан – 47, әділет департаментінен-2, аудан әкімдігі мен мекемелерінен – 78, ауылдық округтерінен – 10 құжаттар тіркелді. Шығыс құжаттарына келетін болсақ 2021 жылы жалпы - 217 құжат жолданса, оның ішінде облысқа - 41, әділет органдарына – 8, аудан әкімдігі мен мекемелерге – 152, ауылдық округтеріне - 16, 2022 жылдың басынан жалпы - 211 құжат жолданды, оның ішінде облысқа – 41, әділет органдарына -16, аудан әкімдігі мен мекемелеріне - 142,(оның ішінде біреуі депутаттық сауал), ауылдық округтерге -9 құжат. Есепті кезеңде жетінші шақырылған Кербұлақ аудандық мәслихатында қабылданған шешімдер орындау үшін аудандық бөлімдер мен ауылдық әкімдіктерге уақытылы жолданды және 12 нормативтік құқықтық акт қабылданып, әділет органдарында тіркеліп, нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкінде белгіленген мерзімде жарияланды. Жаһандық пандемияға байланысты кезектен тыс 2 сессия (жиырмасыншы (25.04.2022), жиырма бесінші (12.09.2022) жартылай оффлайн, жартылай онлайн режимінде өтті. Қалған сессиялар барлық қауіпсіздік стандарттарға сәйкес, «Aitube» бағдарламасы арқылы оффлайн режимінде өткізілді. Аудандық мәслихаттың сессиясы мен тұрақты комиссияларының отырыстарынан онлайн хабарлар «Aitube» арнасы арқылы көрсетіліп, олардың өтуі туралы ақпарат мәслихаттың ресми сайтында орналастырылған.
2022 жылғы кезекті сессиялар қарсаңында аппарат қызметкерлерінің көмегімен мәслихат депутаттары тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды, онда жауапты басшылардың есептері тыңдалды, аппарат құрастырған слайдтар көрсетілді. Сессия және тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәслихат аппараты депутаттардың ескертулері мен ұсыныстары негізінде оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарларын жасады.
Мәслихат аппараты өз кезегінде сессияда қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпаратты қорытындылайды, депутаттарды дер кезінде хабардар етеді. Белгілі бір мәселелерді жан-жақты көрсету мақсатында ауылдық округтерге, мекемелерге барады.
Аппараттың ынтымақтастығы мен іссапарларының арқасында депутаттар мектептердің, балабақшалардың жай-күйімен танысып, мәслихат шешімдерінің оңтайлы қабылданып, жүзеге асырылып жатқанын көрді.
Жоғарыда аталған жұмыстардан басқа аппарат қызметкерлері қайырымдылық акцияларына, демеушілік көмектерде ат салысуда. Сонымен бірге аппарат қызметкерлері республикамыздың атаулы даталарына арнайы үлкен 3 бейнероликтерін әлеуметтік желіге жариялады, аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің беттерінде үнемі аппарат қызметкерлерінің мақалалары жарық көруде. Аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы мен аппараты жұмысының барынша ашықтығы мен жариялылығын және халықты қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихаттың ресми сайты тұрақты жұмыс жасауда.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, ауданымыздың дамуына үлес қосып жатқан аудан әкіміне, депутаттық корпусқа және аудан активіне алғысымды білдіремін. Аудандық өкілді орган алдағы уақытта да өз қызметін жетілдіріп, жақсартып, атқарушы органдармен өзара іс-қимылды күшейтіп, аудан игілігі жолында жемісті жұмыс істейтін болады. Аудандық мәслихат депутаттары өз міндеттерін түсініп, сайлаушылар алдындағы жауапкершіліктің толық өлшемін көрсететініне сенімдімін. Сөзімді аяқтай келе, бүгінгі таңда аудандық мәслихаттың өз жұмысын жақсартуға толық мүмкіндігі бар екеніне сендіргім келеді. Ал біз алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін бар күшіміз бен білімімізді жұмсаймыз.
Есеп аяқталды. Назарларыңызға рахмет
Депутат, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы
Бекиев Қайрат Ботайұлы