Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының
аудандық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң)10-бабына, сондай-ақ 2022 жылғы 26 сәуірде өткен «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде қабылданған «Adal» партиясының «Amanat» партиясына қосылуы туралы шешімі және Алматы облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы «Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін өз міндеттерінен босату туралы» № 32, Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қазандағы «Кербұлақ ауданы аумағындағы учаскелік сайлау комиссиялары құрамына өзгерістер енгізу туралы» № 28, 2022 жылғы 11 қарашадағы «Кербұлақ ауданы аумағындағы учаскелік сайлау комиссия құрамына өзгеріс енгізу туралы» № 31, 2022 жылғы 22 қарашадағы «Кербұлақ ауданы аумағындағы учаскелік сайлау комиссиялары құрамына өзгерістер енгізу туралы» № 36, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданы аумағындағы учаскелік сайлау комиссиялары құрамына өзгерістер енгізу туралы» № 39 қаулылары мен Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 07 хатының негізінде Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихаты аудандық және (№ 183, № 184, № 186, № 188, № 196, № 200, № 206, № 211, № 212 (2), №216, № 220, № 222, № 223. № 226) учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы хабарлайды
Сайлау комиссияның өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихатпен белгiлеген, сайлау комиссиясын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) саяси партиялардың, қоғамдық бірлестікттердің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысаны және кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтінішінің нысаны- https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kerbulak?lang=kk аудандық мәслихатының ресми сайтында орналастырылды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі Кербұлақ ауданының аумағында тұруға тиіс.
Мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттар қағаз форматта қол қойылған, мөрмен расталған болуға және онда орындалған күнін, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау
2023 жылғы 11 қаңтардан 31 қаңтарға дейін (дүйсенбіден– жұмаға дейін (жұма күнін қоса алғанда) мемлекеттіек органдардың ресми жұмыс күндері) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін үзіліс.
Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Бекиев .
Мәслихаттың орналасқан жері: Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі-10,
Жауапты тұлғалар – Рақымбекова Г.Ә., Медетова Б.Б.
Қызметтік телефон нөмірі-87284031149,87284040041 электрондық пошта мекенжайы kerbmaslihat@mail.ru