Кербұлақ аудандық мәслихатының
2022 жылдың 23 желтоқсанындағы № 30-173 шешімі
Кербұлақ аудандық мәслихатының
2023 жылға арналған жұмыс
жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының беретін өкілеттігі шеңберінде Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін
2. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсанындағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары» № 16-82 шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Г. Рақымбековаға жүктелсін.
Мәслихат хатшысы Қ. Бекиев
Кербұлақ аудандық мәслихатының
2022 жылдың «23» желтоқсанындағы
кезекті ХХХ сессиясының
№ 30-173 шешімімен бекітілген қосымша
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Жүргізілетін жұмыстар |
Өткізілетін уақыты |
Жауапты адамдар |
|
I – тоқсан |
|||
|
1 |
Аудандағы отбасы тәрбиесіне (асырап алуға, қамқорлыққа, немесе қорғаншылыққа, патронатқа) берілген жетім балалардың, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету барысында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.(Аталған салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының есебі) |
наурыз сәуір |
аудан әкімінің орынбасары, жауапты бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Шанханай ауылдық округіндегі көпбалалы аналарды, еңбекке жарамды мүгедектерді шағын орта кәсіпкерлікке тарту, олардың қолданыстағы бизнесіне қолдау көрсету, арнайы Үкімет бағдарламаларына сәйкес жеңілдіктер мәселесін қарастыру мен әр-түрлі аудандық облыстық іс-шараларға қатысуларын ұйымдастыру бойынша атқарып жатқан жұмысы туралы.(Округ әкімінің есебі) |
наурыз сәуір |
Шанханай округ әкімі мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебі |
наурыз сәуір |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
4 |
2022 жылғы Кербұлақ ауданының, ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы және бюджеттік қаржының өз бағытында жұмсалуы туралы есебі. (Аталған салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының есебі) |
наурыз сәуір |
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
5 |
Әр түрлі мәселелер (келіп түскен ұсыныстар бойынша)
|
наурыз сәуір |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
II – тоқсан |
|||
|
1 |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, ауданға инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, баға тұрақтылығы мен жеке кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шаралары бойынша атқарылған жұмыстар туралы (Аудан әкімінің кәсіпкерлік бөлімінің есебі) |
маусым шілде |
аудан әкімінің орынбасары, жауапты бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Қоғалы ауылдық округіндегі санитарлық тазалық пен ветеринария саласына қатысты барлық мәселелері мен округтің жалпы әлеуметтік –экономикалық дамуы бойынша есебі. |
маусым шілде |
ауданның төтенше жағдайлар бөлімі , мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Әр түрлі мәселелер (келіп түскен ұсыныстар бойынша) |
маусым шілде |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
III - тоқсан |
|||
|
1 |
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың қаңтарындағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары, міндеттері мен жоспарлары туралы аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі |
қыркүйек қазан |
аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Аудандық полиция бөлімінің жасөспірімдермен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және учаскелік полиция инспекторларының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі |
қыркүйек қазан
|
аудан әкімінің орынбасары, аудандық полиция бөлімінің басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері
|
|
3 |
Алтынемел ауылдық округ әкімінің округ аумағындағы елді мекендерді таза ауыз сумен, түнгі жарықтандырумен қамтамасыз ету, жер мәселесі бойынша атқарып жатқан және атқарылатын жұмыстары туралы есебі |
қыркүйек қазан
|
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
4 |
Кербұлақ аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқық жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының атқарған жұмысы туралы есебі |
қыркүйек қазан |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
5 |
Әр түрлі мәселелер (келіп түскен ұсыныстар бойынша)
|
қыркүйек қазан |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
IV - тоқсан |
|||
|
1 |
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексінің) талаптарына сәйкес Кербұлақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық саясатын іске асыру, аудан бюджетінің кіріс бөлігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі |
желтоқсан |
тиісті ауыл округ әкімдері, бөлім басшылары, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттық сауалдар мен депутаттық жолданымдардың қаралу барысы, сайлаушылардың жолданымдары және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы аудандық мәслихат хатшысының есебі |
желтоқсан |
мәслихаттың аппарат басшысы, тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Қаспан ауылдық округ әкімінің 2023 жылы денсаулық сақтау, білім спорт,мәдениет салаларында, округ жастарын патриоттыққа тәрбиелеу және мүмкіндіктері шектеулі әр топтардағы мүгедектерге демеушілік көмек көрсету, жұмыссыздықпен күресу бағыттары бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі |
желтоқсан |
Қызылжар округ әкімі мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
4 |
Кербұлақ ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы |
желтоқсан |
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
5 |
Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы |
желтоқсан |
аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен
аппарат қызметкерлері |
|
6 |
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы |
желтоқсан |
мәслихаттың аппарат басшысы, тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
7 |
Әр түрлі мәселелер (ұсыныстар бойынша)
|
желтоқсан |
мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аппарат қызметкерлері |
|
ДЕПУТАТТАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ЖОСПАРЛАРЫ |
|||
|
1 |
Аудандық мәслихат депутаттарының өз сайлау округтерінде сайлаушыларды қабылдауын өткізу
|
тұрақты |
мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Аудандық мәслихат депутаттарының өз сайлаушылары алдында жыл қорытындылары бойынша депутаттық қызметтері туралы есептерін беру |
арнайы бекітілген кестеге сәйкес |
мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Аудандық мәслихат депутаттарының аудандық БАҚ беттерінде өз мақалаларын жариялау |
тұрақты |
мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері |
|
4 |
«Аmanаt» партиясының аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдауларын өткізу. Депутаттық фракция жұмысын жандандыру |
«Аmanаt» партиясының аудандық филиалының бекіткен арнайы кестесіне сәйкес, тұрақты |
мәслихат депутаттары, фракция тобының жетекшісі |
|
5 |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының беретін өкілеттігі шеңберінде мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер және жеке тұлғалардан депутаттың атына түскен арыздар бойынша аудан, ауылдық округ әкімдеріне, тиісті аумақтық бөлімшелерге, атқарушы органдардың лауазымды адамдарына қажеттілікке қарай депутаттық сауалдар жолдау |
қажеттілік туындауына байланысты, тұрақты |
мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері |
|
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР |
|||
|
1 |
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарларын бекіту туралы. |
І-тоқсан 2023 жыл |
тұрақты комиссия төрағалары және аппарат қызметкерлері |
|
2 |
Аудандық мәслихат сессияларының күн тәртібіне енгізілетін мәселелерді тұрақты комиссиялардың отырысында, қажеттілігіне қарай талқылау және көпшілік тыңдау өткізуді қарастыру. |
сессия қарсаңында |
тұрақты комиссия төрағалары және аппарат қызметкерлері |
|
3 |
Тұрақты комиссиялардың жеке жұмыс жоспарына сәйкес мәжілістерін дайындап, өткізу. |
жоспарға сәйкес |
тұрақты комиссия төрағалары және аппарат қызметкерлері |
|
ЖАЛПЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
|
1
|
Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес мәслихат аппараты қызметкерлерінің 2023 жылға арналған жеке жұмыс жоспарын бекіту. |
1-тоқсан 2023 жыл |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
2 |
Мәслихаттың кезекті және кезектен тыс сессияларының тиісті деңгейде өтуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар алу. |
сессия қарсаңында |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
3 |
Мәслихаттың әрбір сессиясының отырысына қажетті материалдар жинағын, шешімдердің жобаларын, сессия өткізгеннен кейін хаттамаларын уақытылы жасақтау. |
тұрақты |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
4 |
Мәслихаттың сессия отырыстарында қарастырылған мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау, қабылданған шешімдерді тиісті органдар мен орындаушыларға жолдау. |
тұрақты |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
5 |
Мәслихаттың жұмысының ашықтығы мен жариялылығын, ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын ұйымдастыру, Кербұлақ аудандық мәслихаттың ресми сайтында ақпараттарды орналастыру. |
тұрақты |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
6 |
Аудандық мәслихаттың сессиясында қабылданған шешімдерді Әділет органдарынан уақытылы тіркеуден өткізу, бақылауда ұстау, қолданыстағы шешімдерге құқықтық мониторингтік талдау жүргізу. |
тұрақты |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
7 |
Аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялары қаулыларының орындалуын бақылау. |
қажеттігіне қарай |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
8 |
Аудандық мәслихат депутаттарының аудан аумағында өтетін мерекелік және мәдени іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету. |
тұрақты |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
|
9 |
Жыл қортындысы бойынша әр маман мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін іске асыру мақсатында жеке жұмыс жоспарларының орындалуына сәйкес қортынды есеп әзірлеу |
Жыл қортындысы бойынша |
аппарат басшысы және қызметкерлері |
Аппарат басшысы Г. Рақымбекова