Кербұлақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 16-81 «Кербұлақ ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 10 063 025 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 479 755 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 63 767 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 75 356 мың теңге;
трансферттер түсімі 9 444 147 мың теңге;
2) шығындар 10 253 865 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 145 644 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 206 753 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 61 109 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатып алудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 336 484 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 336 484 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 206 753 мың теңге;
қарыздарды өтеу 61 109 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 190 840 мың теңге.».
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Қ. Бекиев |