«Кербұлақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 31-185 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

 

«Кербұлақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы   17 қаңтардағы № 31-185 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

          Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704  Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Кербұлақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 31-185 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2023 жылдың  24   қаңтардағы № 178194  болып  жарияланған) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар осы шешімнің қосымшасына сәйкес енгізіліп  жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызына жүктелсін

 

 

Мәслихат төрағасы                                                       Қ. Бекиев    

Дата публикации
25 августа 2026