
Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы 1975 жылы 30 желтоқсанда Басши ауылы Талдықорған облысында дүниеге келген. 2002 жылы Талдықорған қаласындағы Заң колледжін, заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Талдықорған қаласындағы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «Құқықтану–Бакалавры» академиялық дәрежесін ала отырып аяқтаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Алматы облысы Кербұлақ аудандық Салық комитетінде хатшы-машинкамен басушы болып бастаған.
1994-1998 жылдар аралығында Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатында хатшы-машинкамен басушы қызметін атқарды.
1998-2005 жылдар аралығында Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының маманы.
2005-2014 жылдар аралығында Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы.
2014-2020 жылдар аралығында Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімше басшысы.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының аппарат басшысы қызметтерін абыроймен атқаруда. Үйленген, 2 баласы бар.
«AMANAT» партиясының, Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі.