Кеген аудандық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлама

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының

сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Кеген аудандық мәслихаты 2 округтік және 14 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы  24  тамызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;  

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 24 тамызға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

 

Кеген аудандық мәслихатының төрағасы–А. Нұғман.

Мәслихаттың орналасқан жері:  Кеген  ауылы, Райымбек көшесі, 8Б, Кеген ауданының «Жастар ресурстық орталығының» ғимараты

Жауапты тұлға – Сагинбеков Нұрман Сарсебекұлы № 3 каб., қалааралық телефон коды (872777), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 87086701907, 87714438106, электрондық пошта мекенжайы – kegen-maslihat@mail.ru  

 

Аудандық мәслихат 2 округтік сайлау комиссияларының және                    14 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды.

 

 

№ р/с

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

 

1

2

3

4

 

Округтік сайлау комиссиялары – 2

 

1.                   

№3

Кеген ауылы, Лебаев көшесі, 40, С. Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясының  ғимараты

1

2.                   

№11

Саты ауылы, Б. Шамбылұлы көшесі, 24, Саты ауылдық  округ  әкімшілік  ғимараты

 

 

1

Учаскелік сайлау комиссиялары – 14

1.                   

№563

Ақтасты ауылы, Райымбек көшесі,13, Ақтасты орта мектебінің ғимараты

1

2.                   

№564

Жаңа Тасашы ауылы, Райымбек көшесі, 7, Тасашы орта мектебінің ғимараты және Сарыкөл бастауыш мектебі

4

3.                   

№565

Қарқара ауылы, Райымбек көшесі, 27, Қарқара орта мектебінің ғимараты

1

4.               

№567

Көкпияз ауылы, К.Рысбекұлы көшесі, 22, Көкпияз бастауыш мектепбінің ғимараты

1

5.               

№568

Шырғанақ ауылы, көшесі, О.Дауреновкөшесі, 8, И.Жумағулов атындағы орта мектебінің ғимараты

1

6.               

№570

Кіші Қарқара ауылы, О.Акбаев көшесі,11,

Бескөл негізгі  мектебінің ғимараты

1

7.               

№572

Тұйық ауылы, Т.Суйенишұлы көшесі, 1, Тұйық атындағы орта мектебінің ғимараты

1

8.

№576

Жылысай ауылы, Абай көшесі, 20, М. Орманова атындағы орта мектебінің ғимараты

2

9.               

№578

Жайдақбұлақ ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, 31, Жайдақбұлақнегізгі мектебінің ғимараты

2

10.               

№580

Жалаңаш ауылы, М.Серікбаев көшесі, 89, Ж.Ермегияев атындағы орта мектебінің ғимараты

2

11.               

№582

А.Нүсіпбеков ауылы, М.Әуезов көшесі, 30, А.Нүсіпбеков атындағы  мектеп-гимназиясы

3

12.               

№583

Қарабұлақ ауылы, Б.Удіманов көшесі, 30,Қарабұлақ атындағы орта мектебінің ғимараты

1

13.               

№587

Жінішке ауылы, Ж.Молдасанов көшесі, 17, Жінішкенегізгі мектепбінің ғимараты

2

14.               

№588

Жаңаталап ауылы, Бабалиев көшесі, 4, Ұ.Бағаев атындағы орта мектепбінің ғимараты

1

 

 

Кеген  аудандық  мәслихаты

 

 

Дата публикации
09 августа 2024