Кеген аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Кеген аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- Кеген аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Кеген аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Кеген аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «QARQARA» газетінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Комиссия төрағасы М. Кенжебаев
Комиссия хатшысы Б. Молдабаев