Кеген ауданының Қоғамдық
кеңесінің құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДДАДЫ:
- Кеген ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Т. Әлімбай
Кеген аудандық мәслихатының 2021 жылғы 09 шілдедегі № 09-43 шешіміне қосымша
Мемлекеттік органнан Кеген аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері
- Әлімбай Тұрсынбай Тоекеұлы - Аудандық мәслихаттың хатшысы
- Елеусизова Бота Серікқызы - Аудан әкімінің орынбасары
- Сатенов Байболат Аскарбаевич - «Кеген аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман – заңгері
Кеген ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелері
- Бейқұтбай Ғани Бейқұтбайұлы - Кеген аудандық «Gargara» газеті редакциясының директор – бас редакторы
- Биржансалова Тогжан Канатовна - «Кеген ауданының жастар ресурстық орталығының» жетекшісі
- Досымбеков Сабыр - Қарқара совхозында экономист, бас экономист. Кеген аудандық тұтынушылар қоғамының төрағасы, ауданның «Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Қарасаз, Қарабұлақ ауылдық округтерінің әкімі болып жұмыс атқарған, зейнетте.
- Жанбабаева Шолпан Иликовна - 1997 жылдан бері жеке кәсіпкер «Денсаулық –зор байлық» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Шолпан ресурстық орталығының» төрайымы.
- Зыкаев Халық Сансызбаевич - Қарқара совхозында экономист, бас экономист, ауылшаруашылығы бөлімінде нұсқаушы, Тоғызбұлақ колхозында бастауыш партия ұйымының хатшысы, Тасашы ауылдық округінің әкімі, 2003 жылдан аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы қызметтерін атқарған. Зейнетте.
- Конеева Бакытгуль Демежановна - Іс жүргізуші, физика пәні мұғалімі, директордың тәрбие, оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарған. Зейнетте.
- Қырғызалықызы Жанна - Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы Кеген аудандық филиалы директоры.
- Мейманкулов Болат Адильжанович - Кеген ауданының Қызылту қой совхозында механик, бас инженер. Кеген аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор, кезекші бөлімде жедел кезекші, ІІБ-і бастығының кадр жөніндегі орынбасары, шаруа қожалығының төрағасы. Зейнетте.
- Узекбаев Талгат Утепбергенович - Өрт сөндіру бөлімінде қарауыл, осы бөлімнің бастығы. Төтенше жағдайлар бөліміні бастығы. Зейнетте.