СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының                    8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында ӨКІМ ЕТЕМІН:

  1. Кеген аудандық мәслихатының аппаратында 2026 жылдың «7» қыркүйек пен «30» қыркүйек аралығына дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы мынадай құрамда бекітілсін:

Жұмыс тобының төрағасы: А.Нұғман

Жұмыс тобының мүшелері:

  • Аппарат басшысы Ұ.Ақжігіт
  • Бөлім басшысы Е.Сатыбалдиев
  • Бас маман Н.Сагинбеков
  • Бас маман М.Нұрқас
  • Бас маман Е.Аухади

3.Жұмыс тобына нормативтік құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу, тәуекелдерді анықтау, олардың себептері мен жағдайларын айқындау және ұсынымдар әзірлеу тапсырылсын.

4.Талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін.

5.Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат басшысы Ұ.Ақжігітке жүктелсін.

Мәслихат төрағасы                                   А.Нұғман

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Дата публикации
09 сентября 2026