Хабарландыру

Хабарландыру

«Кеген аудандық мәслихат аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы.

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                          19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік                                        қағидаларының 2, 4-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 7-30 қыркүйек аралығында «Кеген аудандық мәслихат аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болса, келесі телефон арқылы хабарласуға болады:                     +7 771 443 8106 Жауапты: Бас маман Н.Сагинбеков

Дата публикации
09 сентября 2026