
Коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.
"Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың шешім қабылдауға кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі, оларды қалыптастыру және олардың қызметін ұйымдастыру тәртібі айқындалған.