Меню

Страницы

Статья

Кезекті V Сессия 22.08.2023

Аудандық мәслихаттың кезекті V сессиясы шақырылды
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 5 сессиясы шақырылды. Сессияға аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлы, қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Имандосов Самұрат Жұманұлы, облыстық мәслихат депутаты Имандосов Нұрлан Самұратұлы, аудан прокуроры Дарын Әбіш Елтайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекбанов Оразғали Достанұлы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бөріқұлақов Талайлы Әмитжанұлы, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қоғамдық ұйым жетекшілері, теміржол мекемелерінің басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Алдымен күн тәртібіндегі «Қазалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі» тыңдалып, аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы хабарлама жасады.
Өздеріңізге белгілі, 2023 жылы аудан бюджеті 11,5 млрд. теңгеге бекітілді. Есепті кезеңде нақтыланған бюджет көлемі 13,1 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде 2,3 млрд. теңге өз кірісіміз болса, қалған 10,8 млрд. теңге субвенция, трансферттер және кредиттер арқылы түскен кіріс. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 11,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызға орындалды. Саланың басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 9,9 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық орындалды. Жыл басынан 3 326 тонна ет, 8 748 тонна сүт және 804 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Өздеріңіз білетіндей, биыл жыл санап қарқын алып келе жатқан Қызылорда облысының құрылғанына – 85 жыл болса, қасиетті Қазалы ауданының құрылғанына – 95 жыл толып отыр. Даталы мереке аясында ауданда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, тағылымы мен тәрбиелік маңызы зор, рухани-мәдени, спорттық бағыттағы түрлі жиындар, жарыстарды өткізу жоспарда бар. Ауданымыздың барлық саласында да алға жылжу байқалуда. Мұның барлығына аудандық мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп жасаған жұмыстардың нәтижесі екенін ортаға салды.
Аудан әкімінің хабарламасынан соң аудандық мәслихаттың депутаты Сарабеков Әділбек Сербайұлы сөз сөйлеп, аудан әкімінің жұмыстары барлығымыздың көз алдымызда жүріп жатыр. Әсіресе, құрылыс саласы қарқын алып, әрбір құрылыс нысандарының басында өзі аралап, олардың сапасына мән беруде. Алдағы уақытта, депутаттарды атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасауға шақырып, аудан әкімінің есебіне халық қалаулыларының атынан жақсы деген баға берді. Мұнан соң аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бөріқұлақов Талайлы Әмитжанұлы сөз алып, аудан әкімінің есебі аудандық қоғамдық кеңес отырысында да тыңдалып, кеңес мүшелері тарапынан жақсы деген баға берілгенін, алдағы уақытта ауданға инвестиция тарту жұмыстарын күшейту керектігін айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №326 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әбиев Әліби Берікұлы хабарлама жасап, облыстық бюджет қаржысы есебінен аудан бюджетіне 403 200,2 мың теңге нысаналы трансферттер бөлініп, 2023 жылы тамыз айына бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген қаржылардың барлығы 59029,6 мың теңге және аудандық бюджеттің өз кірістерін 70 000,0 мың теңгеге ұлғайтылып, барлығы 129 029,6 мың теңгені түрлі бағдарлама әкімшілеріне бағыттауға ұсынылғанын депутаттар назарына жеткізді.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы Шәкен ауылдық клубына музыкалық аппаратура сатып алуға 1500,0 мың теңге бөлу, аудандық мәслихаттың депутаттары Сарабеков Әділбек Сербайұлы Әйтеке би кентіндегі Достық көшесі бойындағы 250 орындық мектеп құрылысы алаңында орналасқан жер учаскесімен тұрғын үйді мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 12995,0 мың теңге бөлу, Орынбаев Арғын Қайырбайұлы аудандық қоғамдық даму бөліміне телеарналар арқылы ақпараттандыру қызметіне (қоғам ТВ) 3000,0 мың теңге бөлу, Табынбаев Есет Жұмабекұлы Қазалы қаласындағы «Шағала» лагеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы көздерін қарастыру қажеттігін, аудандық мәдениет орталығының теңгеріміндегі «Жеңіс» саябағын Әйтеке би кенті әкімінің аппаратының теңгеріміне беріп, саябақты күтіп ұстауға қаралған 7 бірлік (бағбан) жұмысшы штаттарын Әйтеке би кенті әкімінің аппаратына ауыстыруды және аудандық мәдениет және спорт бөліміне Қазалы ауданының 95-жылдығына арналған «Қазалының қазынасы» атты аймақтық ақындар айтысын өткізуге 4600,0 мың теңге, «Қазалының қазынасы: тарих және тағылым» атты альбом-кітап басылымын шығаруға 3995,0 мың теңге, жаңадан пайдалануға берілетін 600 орындық мәдениет Үйінің сахнасын жасатуға 5000,0 мың теңге, барлығы 13595,0 мың теңге бөлуді ұсынды. Жоғарыда айтылған ұсыныстарды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қолдайтынын білдірді.
Сессия соңында күн тәртібіне шығарылған 5 мәселе бойынша депутаттардың дауысқа салу қорытындысымен шешімдер қабылданды. Сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, сессияға ұсынылған мәселелер жан-жақты талқыланды.

https://youtu.be/_m0njA5AJxs

Дата публикации
23 августа 2023
Дата обновления
23 августа 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
09 февраля 2024
Халық қалаулылары сайлаушылармен кездесті
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Тұрғындарға арналған ақпарат
23 августа 2023
Кезекті V Сессия 22.08.2023

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы