«Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесінің 9, 15-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Комиссия отырысы айына 2 рет өткізіледі және аудан әкімінің, мәслихат төрағасының атына наградтау жөнінде жіберілген ұсыныстар наградтау күніне дейін 10 күн бұрын қабылданады».
«15. Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімі арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.
Шұғыл жағдайларда аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді Комиссияның қорытындысыз да қабылдай алады.
Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.
Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттама жүргізуді және есепке алуды «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады».
Қазалы аудандық
мәслихатының төрағасы
Ғ.Әліш